Президент жыл сайын 45 мемлекеттен шамамен 10 мың адам Қазақстанға емделу үшін арнайы келетінін, бұл еліміздегі дәрігерлік көмектің сапасының жоғарылығын көрсететінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ...
Елімізде жыл сайын 6 шілдеде Астана күні аталып өтеді. Бұл күн ресми түрде демалыс болып саналады. Биыл Астана күні жексенбіге сәйкес келіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz. ...
«Самұрық-Қазына» қоры 2024 жылдың қорытындысы бойынша ірі жобаларды іске асырып, қаржылық және әлеуметтік көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты. Қор мемлекетке 3,4 трлн теңге аударып, республикалық бюджет кірісінің 17%-ын қамтамасыз етті. Сонымен қатар инфрақұрылым, отандық өндіріс және әлеуметтік қолдау бағытында ауқымды жұмыс атқарылды. ...
Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 2024–2025 жылдары 460 мың оқушыға арналған 217 заманауи мектеп іске қосылады. Бұл бастама білім саласындағы инфрақұрылымдық теңсіздікті жойып, оқушыға жайлы орта мен сапалы білім көздейді. Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова жобаның ауқымы мен ерекшелігі туралы толығырақ айтып берді. ...
Облыс орталығында ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған жиһаз жасайтын орталық жұмысы дөңгелеп тұр. Елімізде 230 мыңға жуық ерекше бала бар. Шығыс Қазақстан мұндай бала саны кейінгі бес жылда 9 мыңнан 11 мыңға көбейді. Ерекше балаларға сапалы білім беру мақсатында үш жыл бұрын С.Аманжолов атындағы ШҚУ жанынан инклюзивті білім беру орталығы ашылып, ерекше балаларға арналған жиһаздар жасала басталды. ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясына мүше елдер парламенттерінің спикерлерімен кездесті. Мемлекет басшысы мәртебелі меймандарға ілтипат білдіріп, бүгінгі жиынның мән-маңызы ерекше екенін айтты. ...



Сарапшылар
Көп оқылғандар