Мемлекет басшысы Словакия Премьер-министрімен кеңейтілген құрамда жүргізілген келіссөз барысында Словакияны Қазақстанның Еуропадағы маңызды әрі сенімді серіктесі ретінде атады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ...
Мәжіліс «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңды қабылдады. Құжат Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді және қылмыстық саясатты ізгілендіруге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz. ...
Соңғы жылдары елімізде мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиешілер тарапынан балаларға қатыгездік көрсету үрдісі белең алып келеді. Әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде балабақшадағы зорлық-зомбылық әрекеттері бейнежазбалар арқылы әшкереленіп, қоғамда үлкен наразылық туғызды. Таңертең баласын балабақшаға апарып тастаған ата-аналар алаңсыз отыра алмайтын күнге жеткендерін айтып, бұл бассыздыққа тосқауыл қоюды талап етуде. Бейкүнә бүлдіршіндерге қорған болуы тиіс мекемелерде керісінше қорлық көрсету оқиғаларының жиілеуі тәрбиешілердің біліктілігі мен жауапкершілігіне селкеу түсіріп отыр. Осы орайда Egemen.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сауал жолдап, мемлекет тарапынан нақты қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады. ...
Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2024 жылдың тамыз айында «Delta» массивтік атауы қойылған топты әшкерелеп, қызметін жойды. Бұл топ 2023–2024 жылдары тиісті жұмысты атқармаған, бірақ жалған шот-фактураны қолданып, салық төлеуден жалтару мақсатында 3 млрд теңгеден астам ақшаны қолма-қол түсірген. ...
Атырау облысында бюджеттен жалақыға бөлінген қаржыны мақсатсыз жұмсау дерегі жиі кездеседі. Әсіресе денсаулық сақтау, білім беру, спорт саласының, оның ішінде мектеп есепшілері қаржы аударуда қателікке оқтын-оқтын бой алдырып жүр. ...
Халықаралық деңгейде танылған сәулетші, «INK Architects» компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Қамитов қалаларды дамытуға арналған нақты заң керек дейді. Айтуынша, жаңа қала құрылысы кодексі сапаны жақсартып, халыққа жайлы өмір сыйлайды. ...



Сарапшылар
Көп оқылғандар