Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен кезекті жалпы отырыс өтіп, депутаттар Құрылыс кодексінің жобасы мен бірнеше заң жобасын талқылап, қабылдады. Сондай-ақ әдеттегідей депутаттық сауалдарын жолдады. ...
Алдағы үш жыл ішінде Алматы облысында 110 гектар жерге алма ағашы отырғызылып, әйгілі апорт сортының бәсі артады. Бұл туралы дәстүрлі «Бақ күні» форумында айтылды. Жері құнарлы Алматы облысында бүгінде аттестатталған 4 тәлімбақ жұмыс істейді. 772 шаруашылық жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысады. 7 кәсіпорын жемістерді өңдейді. Сондай-ақ сыйымдылығы 48 мың тонна болатын 30 сақтау қоймасы бар. ...
Үкімет, бизнес өкілдері және энергетика саласы сарапшыларының басын қосқан XVI Еуразиялық «KAZENERGY» форумында күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыға түсті. Биылғы форум «KAZENERGY» қауымдастығының 20 жылдығымен тұспа-тұс келді және энергетикалық ауысудан бастап инновациялар мен цифрландырудың рөліне дейінгі жаңа сын-қатерлерді талқылауға түрткі болды. Форумға Премьер-министр Олжас Бектенов қатысып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың форум қатысушыларына арналған үндеуін оқып берді. ...
«Қараөзек» серіктестігі бұл күндері егістік алқабының 80 пайыздан астамын жинап үлгерді. Күн ашық болса, төрт-бес күнде дала жұмысы толық аяқталмақ. Ерте көктемде серіктестік 8 150 гектар алқапқа дән сіңірген, оның 2 750 гектары – зығыр, 1 115 гектары – жасымық, қалған бөлікке бидай мен арпа егілген. Майлы және бұршақ дақылдарын егуге себеп болған жай – бағасының қымбаттығы. ...
Америкада білім алып жүргенде жинаған ұлтымыз туралы деректер қоржынын ақтарып, оқырманға ұсынудан жалықпаймыз. Мақсат – қилы кезеңде тарыдай шашылған қазақтың алыстағы деректерін елге жеткізу. Бірде Вашиңтон қаласындағы ескі кітаптар дүкеніне бас сұқтым. Екі қабаттан тұратын дүкен бүкіл әлемнің рухани байлығын бойына жинап алғандай. Сөрелерде әр елдің тарихы мен тағдырынан сыр шертетін кітаптар дестеленіп тұр. ...
2026 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында еліміздің құрамасы 10 қазанда Астанада Лихтенштейнді қабылдаса, 13 қазанда Скопьеде Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды. ...



Сарапшылар