Былтыр тыңдарман қауымның рухани әлеміне жаңаша леп әкелген ақпарат құралы – «Alqa» радиосы эфирге жол тартты. «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген Алаш арыстарының аманатын арқалаған бұл радио ұлттық құндылықтарды насихаттап, рухани мұраны жаңғыртуды басты мұрат еткен. Танымдық әрі тәрбиелік мазмұнға бай хабарларымен танылған медиа-ресурстың құрылғанына жуырда бір жыл толды. БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында біз радио редакциясына арнайы бас сұғып, жұмысымен танысып қайтқан едік. ...
Дәстүрлі қазақ қоғамында хандар мен сұлтандардан кейінгі әлеуметтік сатыдан орын алатын ел басшылары – билер. Би тек қара халықтың өкілдерінен ғана сайлана алатын, ал ақсүйек тұқымына мұндай құқық берілмеді, бірақ қазақ әдет-ғұрпына негізделген сот істеріне араласып отырған. ...
Премьер-министр Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкі кеңесінің отырысын өткізді. Қаржылық ұйымның былтырғы жұмысы қорытындыланып, алда атқарылар өзекті мәселелер қаралды. ...
Мәжілістегі VIII шақырылымының III сессиясында атқарылған жұмыс бүгін «Amanat» партиясы фракциясының жиынында қорытындыланды. Депутаттар «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысын, сондай-ақ халық қалаулыларының сайлаушылармен кездесу мақсатындағы өңірлерге сапарына дайындық мәселелерін талқылады. ...
Үкімет үйінде Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Жиында Мәжіліс және Сенат депутаттары Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін бекітті. Сондай-ақ ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі парламенттік комиссияның құрамы нақтыланды. ...
Облыс орталығының көшелеріне жаңа 44 автобус шықты. Жаңа көліктер №24, №4, №35, №12 бағыттарда жолаушы тасымалдауға маусым айының соңында кіріседі. ...



Сарапшылар