Медицина • 01 Қыркүйек, 2017

Қазақ – қашанда қазақ! (01.09.2017)

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақ – қашанда қазақ! (01.09.2017)

Ақсарбас айтқан қазақ ұдайы да,

Құрбанын шалған қазақ құдайыға.

Қашанда садақаға сақи болып,

Раббының ниет қылған шырайына.

Бұл қазақ тасаттыққа тоқты атады,

Тілейді құрбан шалса ақ батаны.

Ырыммен қан шығару обал десе,

Көрмес деп Құдай қабыл, тоқтатады.

Қорғанбек АМАНЖОЛ,
Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»