Ащыбұлақтағы алғашқы саябақ

Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған «Туған жер» бағдарламасы негізінде жүзеге асқан тағы бір игі шаруа Еңбекшіқазақ ауданының Ащыбұлақ ауылында ашылған саябақ. Әр азаматты өзі туып-өскен жердің өсіп-өркендеуіне үлес қосуға шақыратын бағдарламаны іске асыру барысында әкімдік пен жеке кәсіпкерлердің әріптестігі негізінде бірқатар шаруалар қолға алынған. Жеміс-жидек пен көкөністерді озық үлгідегі технология бойынша өсіріп, облысты сапалы өніммен қамтамасыз етіп отырған «Amal Bio» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің иесі Сабыровтар отбасы ауылдан жаңа саябақ ашуды құп көріпті.  

Егемен Қазақстан
21.09.2017 50639
2

Алғашқы қазығы осыдан үш ай бұрын, «Туған жер­ге туыңды тік» акциясында қағылған нысанды салу­ға серіктестік есебінен 30 мил­лион теңге бөлінген. 100-ден аса жас көшет пен сән­дік ағаштар отырғызылып, көгалдандырылған. Заманға сай толықтай абаттандырылған саябақта ауыл адамдарының демалуына барлық жағдай жасалған. Әдетте ауыл десе, көшені шаңдатып ойнап, жол бойында доп қуып жүретін бала-шаға елестейтін. «Шыбық мініп өстім» дейтін сөз поэзиямен астасқанда, бұрынғылардың балалық шағына қатысты айтылғанда жарасатын. Ал бүгін басқа заман. Уақыттың талабы бөлек. Расында, шыбықты ат қып мініп жүрген баланы көрмейсің қазір. Себебі басқа да қызықтар, көңіл аударар дүниелер аз емес. Тіпті «баламыз үйден шықпайтын болды, смартфоннан көз алмайды», деп шағынатындар да аз емес. Ал ауылыңда заманға сай (смартфоннан көріп жүрген) жетілдірілген саябақ тұрса, әңгіме басқа. Осы жағынан алғанда, өздері туып-өскен ауылға шағын футбол алаңы, балалардың ойнауына арналған түрлі алаңқайлар, стритболға арналған шағын алаң, 130 орындық концерттік сахна орнатылған бақ салып беру ауылдың көркін кіргізумен қатар, бірталай мәселені шешіп беретіні анық. 

«Көпке үлгі болатын іс», деп жатты көлденең жұрт. Бұл, алдымен, жаңа бастама. Саябақ, арнайы жабдықталған ойын алаңдары дегеніңіз тек орталықтың, қаланың балаларына ғана тиесілі дүниедей көрінетін. Осыдан кейін, «біздің ауылда саябақ бар» деп мақтану әдетке айналар. Бұл өз кезегінде біраз азаматтарға ой салар. Осы күнге дейін мешіт салумен ғана шектеліп келген қалталы азаматтар бұдан былай ауылдастарын, ізбасарларын басқа жағынан да қуантуды ойға алар. Сөйтіп жаңа ұрпақ «қалада мынадай екен, шетелде анадай нәрселер бар дейді» деп алысқа көз сатып, жарым көңіл өсуден арылар. 

Аталмыш парктің аумағы 1 гектар. Жоғарыда аталған ойындар ғана емес, өз қалаулары бойынша волейбол, баскетбол сияқты спорт түрлерімен де айналысуға мүмкіндіктері бар. Сахнаның орын тебуі, алдымен кеш батса-ақ не істерге білмей, сенделіп, көше кезіп жүретін ауыл жастарына пайдалы. Нағыз мәдени орталық. Асқар және Динара Сабыровтарға елдің ризашылығы алабөтен. Өңір басшысы да парктің ашылуына арнайы қатысып, «елге деген пейілін, жерге деген мейірін ықыласпен көрсете алған» кәсіпкерлерге елдің атынан, өзінің атынан алғыс айтты. Бұл алғысты келешек ұрпақ та айтады. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» дейтін ел, бүгінгі жас шыбық ертең бәйтерекке айналғанда, саясына отырған сайын алғыс жаудырары сөзсіз. 

Ал Сабыровтар мұнымен тоқтамаймыз деп отыр. Алдағы жоспар – дәл осындай саябақты Ж.Қайыпов және Қазақстан ауыл­дарынан ашу. «Amal Bio»-ның игілігін осында жұмыс істеп, нәпақа тауып жүрген ауылдық округтің 100-ден аса тұрғыны ғана емес, ендігіде саябақта ойнайтын бала-шаға да көретін болады.

Алмас НҮСІП,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.10.2018

Журналист Джамаль Хашагджиді өлтірген арабтар екені белгілі болды

20.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей және Өзбекстан басшыларымен кездесті

20.10.2018

Үндістандағы пойыз апатынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

20.10.2018

Қостанай облысында 750 мың теңге пара алған аудан прокуроры ұсталды

20.10.2018

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасында  семинар өтті

20.10.2018

Данияр Елеусінов АҚШ-та салмақ өлшеу рәсімінен өтті

20.10.2018

Мектеп туризмі отансүйгіштікке бастайды

20.10.2018

Павлодарда ТҮРКСОЙ жастар камералық хоры өнер көрсетті

20.10.2018

Ақтауда ана мен бала орталығы ашылады

20.10.2018

Сенаторлар Батыс Қазақстан облысын аралады

20.10.2018

Маңғыстау облысына ирандық делегация келді

20.10.2018

Қазақстан 2019 жылы медициналық қызметтерді көрсетудің электронды форматына толық көшеді

20.10.2018

Ғылыми-әдеби интеграция артып келеді

20.10.2018

Сыр елінде тұңғыш рет «Қорқыт. Қобыз» атты республикалық байқау өтті

20.10.2018

Кандагарда парламенттік сайлау кейінге қалдырылды

20.10.2018

Маңғыстау облысында өрт сөндірушілерге арналған ескерткіш ашылды

20.10.2018

Тіл меңгерудің өзекті мәселелері талқыланды

20.10.2018

Қызылордада  «Жолда қабылдау» акциясы өтті

20.10.2018

Сенат депутаттары Алматыдағы көпір құрылысы зауытын аралады

20.10.2018

Түрік технологы сүт өндірудің тың әдісін үйретті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу