Қазақстан • 15 Мамыр, 2018

XI Астана экономикалық форумының аккредитациялық орталығы ашылды

314 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше елордадағы «Hilton Astana» қонақүйінде XI Астана экономикалық форумының аккредитациялық орталығы салтанатты түрде ашылды. Рәсім бойынша Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов пен «GVA Kazakhstan» серіктесі Болат Столяров қызыл лентаны қиды. 

XI Астана экономикалық форумының аккредитациялық орталығы ашылды

Р.Дәленовтің айтуынша, бұ­дан басқа аккредитациядан әуежайдан (Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы), со­нымен бірге «Марриот», «Риксос», «Думан» отельдері мен «Ке­руен» сауда-ойын-сауық орта­лығынан да өтуге болады. Тір­кеу жұмыстары АЭФ база­сын­дағы Global Challenges Summit еуразиялық конгресінің соңғы күніне дейін жұмыс жасамақ. 

Ұлттық экономика министр­лі­гінің стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары Бауыржан Тұрлыбеков форумға қатысуға ниет білдірушілерге аккредитация жасау үшін екі пакет ұсынылатынын айтты. Біріншісі стандарт пакеті,  оның құны 35 мың теңгені құрайды. Бұл қаражатқа белгілі бір па­нель­дік сессияларға қатысу және де тамақтану кіреді. Екін­ші пакеттің құны 150 мың­ теңгені құрайды. Онда қа­ты­сушы бар­лық пікірталас ала­ңына емін-еркін кіріп, Елбасы қатысатын пле­нар­лық отырысқа да кіру мүм­кін­дігіне ие болады. Ұйым­дас­ты­рушылардың айтуынша, па­кет­тер құнына қарамастан ке­летін қатысушылар саны 5 мың­ды құрайды деген жоспар бар. Осылайша мемлекет форум ұйымдастыруға жұмсаған 410 млн теңгені қайтарып алуды көздейді. АЭФ-қа тегін кіру мүмкіндігі тек БАҚ-қа беріліп отыр. Шараға әрісі  шетелден, берісі  Қазақстаннан 700-ге жуық тілші қатыспақ. 

Ұйымдастырушылардың ай­туынша, XI Астана экономи­ка­­лық форумының негізгі ерек­ше­лігі − бұл жолы үш күн­ге созылады. Алғашқы екі күнде қа­тысушылар жаһандық мә­селе­лерді талқыламақ. Ал үшін­ші күні негізгі спикерлер алты бағыт бойынша Қазақстан Үкі­ме­тімен, сондай-ақ сарапшылар­мен бірге жұмыс істейтін болады. 

«Егемен-ақпарат»