Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ

Сотқа жүгінбейтін адам жоқ. Бірақ солардың дені «Мен сүттен ақ, судан тазамын» дейді. Яғни «Мен кінәлімін, мен ұры­мын, мен парақормын» деп ешкім айта қоймайды. Және тараптардың қай-қай­сының да сотта келтірген уәждері сенім­ді көрі­неді. 

Егемен Қазақстан
21.06.2018 3201
2

Алайда сот шешімімен айыпты немесе қылмыскер атанып жат­қандар аз емес. Олар­дың дені бас бостан­дығынан айырылып, бірнеше жылға сотталады. Мұны шынайы сот төрелігінің нәтижесі дейміз. Бірақ осы сот төрелігі қалай жүзеге асырылады?

Әрине демократиялық, құқықтық мемлекетте қандай жағдайда да біреудің кінәсін айту оңай емес. Ол үшін қара қылды қақ жа­ратын әділдік қана қажет. Оның үстіне, әйтеуір, бір тараптың кінәсі мол екенін сол тараптың өзінен өзге ешкім жіті біле қоюы қиын. Мұны айтып отырғанымыздың өзіндік мәнісі бар. Себебі сот кез келген үкімді яки шешімді жайдан-жай шығара салмайды. Соттың өзге құзырлы органдардан басты ерекшелігі де сол – айдан анық ақиқатты ғана жариялау. Бұған еліміз тәуелсіздік алғалы бері сот жүйесінде жүргізілген көптеген сындарлы реформалардың оңды нәтижесі мен адамның жеке құқы, бостандығы сақталып, заңмен жан-жақты қорғала алатындығы үшін кепілдік берілетін Ата Заң талаптарын дәлел ретінде келтіруге болады. Осыған орай Елбасы соттарда әділдік салтанат құруы керек деп бекер айтқан жоқ.

Қылмыскер ешуақытта қылмыскермін деп айтпайды. Ал қылмыстық істерді саралау, зерделеу, дәлелдемелерді таразыға тарту, адам өлтірді деген күдіктіні кінәлі немесе кінәсіз деп тану, сөйтіп айыпсызды ақтау, жазықтыны тар қапасқа тоғыту – айтуға ғана оңай. Сондықтан қылмыстық істерді қарау сол қылмыстың қалай жасалғанын зерделеп шығу ғана емес, оның ауырлығын сезініп, қасіретін жүректен өткізу дейді қазіргінің билері. Ал оларға мұндай кезде адалдық, әділдік, шындық қағидаттары ғана демеу болады.

Өйткені дауласа қалған жанның алдан күтер әрі арқа сүйер үміті де осы үш негізбен тығыз байланысты. Жәбірленушінің тағдыры таразыға тартылғанда көздегені осы талап аясынан табылып жатса, ол сот менің құқымды қорғады деп жаны жай табады. Ал бұл орайда екінші тараптың, яғни екінші жақтың талабы тасқа соғылып дегені болмай қалса, сот менің құқымды қорғамады, менікі дұрыс еді, бірақ оны ескермей бұра тартты дейді. Міне, осы сот процесінде кездесетін мұндай келеңсіз көріністер салдары көптің көңілін күпті етері де жасырын емес. Сондықтан соттарда әділдіктің салтанат құруы ғана жағдайды оңалта алады.

Алайда қылмыстық процеске тартылған­дардың арасында кім жүрмейді дейсіз. Еш­бір адам басына іс түсіп шатылғанша, сотты болғанның соры қайнайтынын сезіне қой­майды. Мұндайда ақ та, қара да бір қазан­ға тоғы­тылуы мүмкін. Сондықтан о баста қыл­мысты ашуда қудалау органдары әрқашан сүттен ақ, судан таза болады деу асығыстық.

Міне, сол кезде олардың кемшілігін анықтауда сот талқылауының маңызы зор. Өйткені о баста анықтау, тек­серіс амалдары қаншалықты заңға сай жүр­гізілгенін және адамға қысым жасалып сұрау алынған тексерістердің сырын сот қана біле алады. Міне, бұл сот про­цесіндегі ең ша­рықтау кезең. Және осы кезде әділдіктің сот­тарда салтанат құра алатыны айқын аңғарылады. Ал бұған қол жеткізу үшін бүгінде сот саласы да жаңа бағыт бойынша жұмыс істеп жатыр. Бұл өзгеріс көзі қарақты оқырмандар мен жаңалықтарға жақын жүретін жандарға етене таныс. Ол өзгеріс өзегі Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген міндеттер. Оны заң үстемдігін бұлжытпай сақтау үшін билерге орындау халыққа – жақсылық, судьяларға – абырой әкелетіні айдан анық.

Бұл міндеттер ашық сот төрелігін қамта­масыз етуде жемісін беруде. Соның бір дәлелі әлемдегі озық отыз елдің қатарына ену барысында Қазақстанның құқықтық саласының, әсіресе сот жүйесінің халықаралық талаптар­ға сай дамуы үлкен қолдау. Мұндай реформалар ең алдымен халыққа тиімді болуы қажет. Жоғарыда айтқанымыздай, қудалау органдары жіберген қылмыстық істердегі кемшіліктерді, заңсыздықтарды табу – сот міндеті. Ал бұл міндетті орындау барысында әр судьяға үлкен талап жүктеледі.

Уақыт өткен сайын біліктілік те жетілдіріліп оты­руы тиіс. Егер адам нақақ сотталса, ол мені мемлекет соттады демейді, әділетсіз жүйенің солақай саясатынан зардап шектім дейді. Демек, әділетсіз шешім шығарған судья билік атына кір келтіреді. Мұндай қателіктердің алдын алу үшін сот жүйесінде жаңадан сот жюриі құрылғаны да белгілі. Аталған құрылым судьяның орнынан түсу құқығын растау, оны тоқтату мәселелерін және оларға қатысты тәртіптік істерді қарайды. Таратып айтқанда, сот жюриінің құрамы біліктілік және тәртіптік комиссиялардан құрылып, жұмыс істеп жүрген судьяның кәсіби қызметіне баға береді.

Міне, осының бәрін саралай келгенде бай­қалатыны, қазіргі сот төрелігі ғана әділдіктің соттарда салтанат құра алатынын қамтамасыз ете алады. Оған дәлел көп. Соған сәйкес енді қудалау органдарының да қызметін қай­та құратын, әділдіктің анықтау, тергеу салаларынан бастау алатынына назар аударатын кез жетті. Осы орайда уақыттың  талабына толық сәйкес келетін «Сот жүйе­сі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық Заңға, Қылмыстық-процестік кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске тиісті өзгерістер енгізілді. Ал осындай өзгерістерге сай небір күрмеуі қиын істердің ақиқаты ашылып, әділдіктің салтанат құруы жоғарыдағыдай жан-жақты талқыланған сот төрелігінің нәтижесі дейміз.

Александр ТАСБОЛАТ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.11.2018

Солтүстік Қазақстанда өткен ел біріншілігінде Н. Жарылғапов «түйе палуан» атанды

18.11.2018

Солтүстік Қазақстанда «Қозыбаев оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

18.11.2018

Қор нарығы ел экономикасына серпін береді

18.11.2018

Мәулен Әшімбаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

18.11.2018

Элизабет Тұрсынбаева Мәскеудегі турнирде үздік алтылыққа енді

18.11.2018

Қызылорда облысында МЖӘ бойынша екі спорт кешені ашылды

17.11.2018

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

17.11.2018

Павлодар облысында 370 жүргізуші мөлшерден артық жүк тасыған

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу