Динара Сәдуақасова - шахмат әлемінің «Алтыны»

Ол – шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы, жабық Азия ойын­да­рының жеңімпазы, студенттер арасында Еуропа чемпионы, Қазақстан біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпазы, әйелдер арасында халықаралық дәрежедегі гроссмейстер. Атағы осылай тізіліп кете береді... Қысқасы, әңгі­меміздің кім туралы екенін тү­сіндіңіздер ғой?.. Иә, ол – Динара Сәдуақасова!

Егемен Қазақстан
26.06.2018 796
2

Шахмат әлеміне бес жасынан ден қойған Динараның есімі бүгінде Қазақстанға ғана емес, жаһанға танымал. Халықаралық шахмат феде­ра­циясының (FIDE) рейтингінде жер­лесіміз үздік ТОР-15 тізімінде тұр. Бұған дейін мұндай биікке қазақ қыз­дарының бірде-біреуі жетпегенін ес­керсек, мұны еліміз үшін де, Динара үшін де тарихи жетістік деуге болады. 

Динара 1996 жылы Ақмола қала­сын­да дүниеге келген. Гросс­мей­стер өзінің шахматқа алғаш келуі ту­ралы былай деді: «Осыдан он алты жыл бұрын анам әпкемді, ағамды және мені қаладағы Хәкім Омаров атын­дағы шахмат клубына алып барды. Біздің алғашқы бапкеріміз Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Ольга Африкановна Черепанова болатын. Марқұм жақсы кісі еді. Біз одан жақсы тәлім-тәрбие алдық. Ағам Арсен мен әп­кем Айнұрдың шахматтан спорт ше­беріне үміт­кер деген атақтары бар. Арсен халық­аралық дәрежедегі тө­реші». Осылайша шахмат әлеміне қадам басқан Динара елордамен бірге өсіп, бас қаламен бірге әлемді бағындырып келеді. 

«Шетелде жүрсем, Астана­ның ауасын, тыныс-тіршілігін сағына­мын. Ал қолым қалт еткенде елорданы дос­та­­рыммен, жақындарыммен, кейде жал­ғыз өзім аралағанды ұнатамын. Сол кез­де бойыма күш-қуат құйылатындай болып, әр қадам басқан сайын, бұл менің ту­ған қалам, бұл менің Отаным деген мақ­таныш сезімі кернейді. Шахматсыз өз өмірімді елестете алмайтыным си­яқ­ты, Астанасыз да өзімді елестете ал­маймын». 

Динараның шахматтағы жолы өте сәт­ті болды десек, артық айтқандық емес. Әйелдер арасында Азия чемпи­оны атанып, әлем чем­пионатында күміс жүлде алды. Жас ерекшеліктері бойынша әлем чемпионаттарында төрт рет жеңіске жетті. Бұл додалар оның өміріндегі ең маңызды жетістіктерінің бірі. Себебі бұған дейін қазақстандық бірде-бір қыз мұндай межені бағындырған емес-ті. Осындай жеңістерден кейін Шахмат федерациясынан, Астана әкімдігінен Динара Сәдуақасова атындағы шахмат академиясын ашу туралы ұсыныс түсті. Алайда кейіпкеріміз жиырма жас­қа дейінгі қыздар арасында өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін ғана академия ашуға кірі­сіп­ті. Бүгінде жұмыс істеп жатқан ака­демия­дан болашақта Қазақстан чем­­пио­н­дары ғана емес, әлем чемпиондары шығады деп үміттенеді. 

Гроссмейстер өзіне үнемі қолдау біл­діріп, игі істердің басы-қасында жүр­гендерге алғыс айтуды да ұмыт­пайды. «Бірінші кезекте анама алғыс айтқым келеді. Анам шахматқа баулып қана қоймай, кез келген жағдайда менің қасымнан табыла білді. Қазір ол менің менеджерім әрі психологым. Анамыздың қамқор болуымен шахматтан бөлек, біз музыка мектебін бітірдік. Айнұр скрипка, Арсен домбыра, мен фортепиано бойынша білім алдық. Анам бізді үнемі үлкенге ізет көрсетуге, адамдарды сыйлауға, уақытты үнемдеп, денсаулықты күту­ге тәрбиеледі. Айнұр мен Арсен қазір жұмыс істейді, өмірден өз орындарын тапты. Жанкүйерлеріме де алғысым шексіз».

Әдетте елімізде спорт түрі­нен, пән­дік олимпиадалардан жеңімпаз атан­ғандарға көптеген оқу орындары тарапынан грант ұсынылады. Мұндай ұсыныстардың Ди­на­раға бірнешеуі түсіпті. Алайда ол Ресей жоғары оқу орнына таңдау жасапты: «Екатеринбургтегі Орал мемлекеттік тау-кен универ­ситетінде қашық­тықтан дәріс алу карьерама қолайлы болды. Шахматпен шұғылдануыма еш кедергі келтірмейтініне көз жеткізгеннен кейін, осы университетті таңдадым». 

Динара өмірін шахматпен байланыстыра отырып, адам­дарға, жақын­дарына көмек­тессем деген бала кездегі арм­анын бір мезет те естен шығар­ған емес. Оның осы арманы бүгінде жүзеге асып жатыр. «Мен ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Ұлттық ізгі ниет елшісі болып тағайындалдым. Іргелі ұйым­ның арқасында балалар­дың құқықтары туралы көп тың мәлімет аламын. Олар­­дың арасында ерекше қажет­­ті­ліктері бар балалар, қыл­мыс құрбанына немесе куәге­ріне айналғандар, тіпті өз от­ба­сында қатыгездікке душар бол­ған балалар бар. Мен со­лар­­дың құқықтарын қорғауға өз үле­сімді қосамын деп үміт­тене­мін», дейді әлем чемпионы. 

Динара іргелі ұйымның елшісі ретінде қайырымдылық шараларын өткізіп тұратынын жеткізді: «Шах­мат­тың еліміз­де қарқынды дамып келе жатқаны мені қуантады. Елде көптеген шах­мат мектептері мен орталықтар ашылып жатыр, оған жастар көбірек тартылуда. Енді ЮНИСЕФ-тің ізгі ниет елшісі ретінде саламатты өмір салтын насихаттай жүріп, зиялы ұрпақты тәрбиелеуге тырысамын. Сондықтан еліміздің барлық өңірінде шахмат бойынша клубтар мен мектептер ашып, балаларға арналған қайырымдылық турнирлері мен іс-шараларды өткізуге атсалысамын».

Талантты адам кез келген салада талантты болады емес пе. Біздің кейіпкерімізді де солардың қатарына қосу­ға болады. Ол шахматтан бөлек жүзу, көркем гимнастика және теннис сияқты спорт түрлерімен де шұғыл­дан­ады. Оның алты тілді мең­гер­генінің өзі неге тұрады! «Кітап оқы­ғанды жанымдай жақсы көремін. Кітап қызық болса, қысқа ғана уақытта оқып шығамын», деген гроссмейстер шетел жазушыларының шығармаларымен көбірек танысу үшін тіл үйрену үстінде екенін айтты. «Бүгінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен бөлек, корей тілінде еркін сөйлеймін. Француз және араб тілдерін үйрену үстіндемін. Корей тілін үйренудегі басты себеп, атал­ған елді ерекше құрметтеймін. Олардың салт-дәс­т­үрі, ұлттық тағамдары қатты ұнай­ды. Француз тілі әдемі естілетін әрі нә­зік тіл. Оны меңгеру арқылы мен сол елдің жазушыларының еңбектерін аудар­масыз оқығым келеді».

Рамазанның қызы Динара «Адам өзін үздіксіз жетілдіріп отыруы керек» деп есептейді. «Күн сайын өзіме жақ­сы аура қалыптастырғым келеді. Тіл үйренуге, музыка тыңдауға, кі­тап­тар оқуға тырысамын. Осындай із­де­ністер маған жаңа белестерге жету­ге көп көмегін тигізді. Нәтижесінде, «Шах­мат­тағы алғашқы қадам» («Первые шаги в шахматах») атты кітабым жа­рық көрді. Бұл кітапта шахмат әлеміне қа­­лай келгенім, жетістікке же­ту үшін қандай қадамдарға бар­ғаным баяндалады. Феде­ра­­цияның қолдауымен шыға­рыл­ған бұл еңбегім шахмат әлеміне енді қадам басқан өрендерге арналады».

Адамды арман алға жете­­­лейтіні сөз­сіз. Әлем чем­­пио­нының алдында да асқа­ралы белестер тұр. «Ал­дағы уа­қытта мықты шах­мат­шы әйел­дер­дің TOP-10-на кіретініме сенім­дімін. Сонымен қатар әлем чемпионатында жеңіске жетіп, алтын тәжді Қазақстанға алып келсем деймін. Осы биікті бағын­дырып, Астананың, қазақ қыздарының деңгейін әлемге әйгілі ететін күн де алыс емес екенін ішкі түйсігім сезеді».

P.S. Алтын тәж демекші, Динара есімі – араб тілінде «алтын динар» дегенді білді­реді. Олай болса, шах­мат әлемінің «Алтыны» алтын тәжді Астанаға әкеледі деген сенім­деміз. «Алтын» қыз, алтын тәж һәм Астана. Үштіктің үйлесімі Алаштың рухын тағы да асқақтатары сөзсіз.

Алмас МАНАП,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.01.2019

Қостанайда Ақылбек Шаяхметтің шығар­ма­шы­лық кеші өтті

24.01.2019

Астанада британдық қаламгер Ник Филдингпен кездесу өтті

24.01.2019

Сексен деген сеңгірге шығып жатқан Кәмел Жүністегі туралы үзік сыр

24.01.2019

Береке белсендіге бітеді

24.01.2019

Алғашқы қысқы ҰБТ қорытын­дылары шықты

24.01.2019

Маңызды заң жобалары мақұлданды

24.01.2019

ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының үндеуі

24.01.2019

Жалындаған жастардың жарқын жобалары

23.01.2019

Шекара бұзған азамат қаза тапты

23.01.2019

Елбасының Жастар жылының салтанатты ашылуында сөйлеген сөзі

23.01.2019

Мәулен Әшімбаев: Жастар жылында науқаншылдыққа жол бермеуіміз қажет

23.01.2019

Түркістанда «Орта Азия жастарының форумын» өткізу жоспарлануда

23.01.2019

«Жастар жылы» жамбылдық жастарға мол мүмкіндік береді

23.01.2019

Қаржы және бюджет комитетінің Заң жобаларын талқылау бойынша отырысы өтті

23.01.2019

Мәжіліс сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық түзетулерді мақұлдады

23.01.2019

Алматы облысында 1332 әйел онкологиялық есепте тұр

23.01.2019

Сенаторлар Жастар жылын қолдауға бағытталған жұмыстарға кірісті

23.01.2019

Еурокомиссия MasterCard-қа айыппұл салды

23.01.2019

Жылқының қозғалыс аллюры: Аяң түрлері

23.01.2019

Юлия Тимошенко Украина президенті сайлауына қатысатынын мәлімдеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Adasqandardyń aldy jón, arty soqpaq...

  Bıylǵy qańtarda Qazaqstan óziniń azamattaryn dúnıeniń qaı shetinde bolsa da qorǵaı alatyn irgeli el ekendigin kezekti ret kórsetti. Sırıadaǵy qandy qasapqa soqyr senimniń shyrmaýyndaǵy kúıeýimen birge baryp qalǵan áıelder men jas balalarǵa arnaıy ushaq bólip, alyp keldi. Elbasy N.Nazarbaev óziniń tapsyrmasymen 47 adamnyń, sonyń ishinde 30 balanyń qutqarylǵanyn málimdedi. Qutqarý sharalary «Jýsan» operasıasy» dep atalǵany da jarıa boldy.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу