Fitbit – полицейлер көмекшісі

Соңғы рет Энтони Айелло өгей қызымен сөйлескенде, ол Калифорния штатындағы Сан-Хосе қаласындағы өгей қызының үйіне пицца мен бискотти апара жатқан болатын. 90 жастағы Айелло тергеушілерге кейіннен қызы өзін есікке дейін шығарып салып, алғыс ретінде екі роза бергенін айтты.

Егемен Қазақстан
07.11.2018 4220
2 Ричард ДРЬЮ, Associated Press. Денеге таңылған Fitbit фитнес білезігі жүрек соғысын, ұйқыны және физикалық қозғалысты тіркеп отырады.

Кристин ХАУСЕР, «Нью-Йорк Таймс»

Полиция мәлімдемесіне қарағанда, үйдегі байқалмайтын бақылаушы кездесудің соңы адам өлімімен аяқталғанын көрсеткен. 

Бес күннен кейін Айеллоның өгей қызы 67 жастағы Карен Наварраның мойны мен басына ауыр жарақат түскен денесін үй қызметшісі тауып алған. Ол Fitbit компаниясының дене жағдайын бақылайтын құрылғысын тағып алған екен. Тергеушілердің айтуынша, 

8 қыркүйекте түскі 3:20 шамасында оның жүрек соғысы атқақтап кеткенін көрсетіпті. Сол уақытта Айелло мырза үйде болған. Кейіннен құрылғы жүрек соғысы бірден баяулап, 3:28-де біржола тоқтағанын тіркеген. Бұл Айеллоның үйден кетуінен 5 минут бұрын болатын. 

Кейінірек Айелло адам өлтіргені үшін тұтқынға алынды. Адамдардың өз денсаулығын бақылауына көмектесетін құрылғы ақырында ұялы телефондар, GPS навигаторлар, видеолар секілді заң аясында қылмысты ашуға қолданылатын технологиялардың қатарынан табылды. 

Денеге таңылған мұндай құрылғы адам өмірі үшін аса маңызды. Жүрек соғысы, ұйқы және физикалық қозғалыстың бәрін тіркейтін аппарат кенет кездесетін қиын және қалыпты оқиғалардың бәрін тіркеп отырады. 

Fitbit-тің жинаған деректері 

2015 жылы Пенсильвания штатындағы зорлау оқиғасын, 2014 жылы Канадада дене жарақатын салу сәтін анықтауға көмектесті. 2017 жылы Сиэтл штатында Garmin Vivosmart компаниясының GPS навигаторы әйел мен бұзақының оқи­ғасын тіркеді. Сол жылы Кон­нектикутта тергеушілер әйелін өлтірген ер адамды Fitbit құрылғысы арқылы ұстады. 

«Есіктегі қауіпсіздік қоңырауы мен Fitbit секілді өмірдегі кейбір мәсе­лелерге көмекші құралдар аса қауіп­ті қылмыстардың бетін ашуға көмек­те­седі», дейді Калифорния штатындағы Санта Клара округінің аудандық адвокаты Джефф Росен. 

Полицияның айтуынша, Сан Хоседегі оқиғада олар тергеу барысында бейнебақылау мен Наварра ханымның Fitbit құрылғысындағы деректерді пай­да­ланған. Жалғыз тұратын оның білезі­гіне тағылған аппарат деректерді үйіндегі компьютерге жүктеген. 

Полиция Наварра ханымның Fitbit деректерін бейнебақылаумен салыстырғанда, оның жүрегі тоқтаған уақытта Айеллоның көлігі әлі де үйдің қасында тұрғанын анықтады. 

Полиция детективі Брайан Микердің айтуынша, Айеллодан жауап алу кезінде оған қарсы мәліметтер айтылды. «Fitbit-тің уақытты, физикалық қозғалысты және жүрек соғысын тіркеу қабілеті туралы түсіндірілгеннен кейін, Наварра ха­нымның ол үйден кетпес бұрын қайтыс болғаны туралы айтылды», делінген детектив Микердің баяндамасында. 

Айелло оның мүмкін емес екенін, На­варра ханымның есікке дейін шыға­рып салғанын айтып өзеуреді. 

«Мен оған екі жүйеде де интернет уа­қыты қойылғанын және қателесуі мүм­кін емес екенін түсіндірдім», дейді детектив Микер. 

Бұдан соң детективтер Айеллоны тергеу бөл­месіне жалғыз қалдырып кетеді. По­­ли­ция баяндамасына сүйенсек, содан кейін ол «Бәрі бітті», дегенді қайталай берген.

Мақалаларды аударған

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

Светлана Ғалымжанқызы, 

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.01.2019

Чили жағалауында магнитудасы 6,8 жер сілкінісі болды

20.01.2019

Астанада Жастар жылының ашылуы өтеді

20.01.2019

Экономиканы роботтандыру: қатер ме, мүмкіндік пе?

19.01.2019

Атырауда «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды

19.01.2019

Мақтаарал ауданында диқаншылық басталды

19.01.2019

Ақтөбе-Атырау тас жолының бойында орналасқан аумақ күрделі жөндеуден өтіп жатыр

19.01.2019

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 33 шетелдік еліне қайтарылды

19.01.2019

​СІМ басшысы Тәжікстан елшісін қабылдады

19.01.2019

​Қазақстанның Елшісі НАТО Бас хатшысына Сенім грамоталарын тапсырды

19.01.2019

Рейтер: Трамп пен Ким Чен Ын ақпанда кездеседі

19.01.2019

Алматыға Катардан алғашқы жүк рейсі келді

19.01.2019

Ақмолалықтар мүгедектер үшін автобустардың қолайлылығын бақылауда

19.01.2019

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

19.01.2019

Филиппиннің ең бай адамы қайтыс болды

19.01.2019

Қазақстанда «ақылды қала» пайда болды (видео)

19.01.2019

«Нұр Отан» мектеп асханаларын жалға алушыларды тексерумен айналыспайды

19.01.2019

Балалар Евровидение — 2019 байқауы Краков қаласында өтеді

19.01.2019

Локомотивтерді жөндеу толық орындалды

19.01.2019

Мексикада құбыр жарылып, 20-дан астам адам қаза болды

19.01.2019

Мәжіліс депуттары Түркістандағы тарихи орындарды аралады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу