Әлем • 27 Қараша, 2018

Junior Eurovision 2018: Данелия алтыншы орын алды

447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылық жас өнерпаз Данелия Тулешова Минскіде «Junior Eurovision 2018» финалында өнер көрсетіп, алтыншы орынға табан тіреді. Биылғы байқаудың ерекшелігі сол, Қазақстан ән фестиваліне алғаш рет қатысып отыр. 

Junior Eurovision 2018: Данелия алтыншы орын алды

Қаршадай қыз «Өзіңе сен» композициясын қазақ және ағылшын тілінде орындап, жұртшылықты ерекше сүйсінтті.  Қазылар алқасы мен көрермендер даусының қоры­тындысы бойынша Данелия 171 ұпайға ие болып, алтыншы орынға тұрақтады. 2015 жылы әнші Полина Гагаринамен жұмыс істеген ресейлік танымал режиссер Алексей Голубев бұл жолы да режиссерлік мұратына адалдық танытып, Данелияның ком­позициялық қойылымы қай­та­ланбас мерекеге айналды. Бұл рет­­те Данелияның продюссері Жан Мұқанов отандасымыздың өз мін­де­тін мүлтіксіз орындап шық­қанын ай­тады.

«Данелияның таңдап алған әні сәтсіздеу шықты деп айтып жатқан­дар бар. Мен онымен келіспеймін. Бұл тікелей эфир болғандықтан көңіл-күйге әсер етпей қоймайды. Да­­­нелияның орындауы жарқын, өте әдемі шықты деп білемін. Қанша де­генмен әлемдегі ең таңдаулы фес­тивальда бар мүмкіндігімізді пай­даландық, жиырма елдің ішінде алтыншы орыннан көріну жаман емес. Ең бастысы берекесі мен бірлігін көр­сетіп дауыс берген халқымызға ал­ғысымыз зор», дейді ол «Егемен Қазақстан» тілшісіне.

215 ұпаймен Польша байқаудың биылғы жеңімпазы атанса, одан кейінгі орындарға Франция (203 ұпай) мен Аустралия (201 ұпай) жайғасты.

Ая ӨМІРТАЙ,

«Егемен Қазақстан»