Төтенше жағдайлар министрлігі «100-ден астам құтқарушы тартылғанымен, қирандыларды аршу жұмысы бірнеше күнге жалғасады» деп мәлімдеген. Апатты жағдайдағы үйдің қалған қабырғалары құлап кетпес үшін ауыр техникалар қолданылып жатқан жоқ. Естеріңізге салсақ, Магнитогорскіде желтоқсанның 31-інде таңғы сағат 4-тің шамасында 9 қабатты үйде тұрмыстық газ жарылды. Салдарынан 26 пәтерлік тұтас бір подъезд опырылып ортасына түсті. Аталған пәтерлерде 46 адам тұрған. Осы іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Алдын ала болжамға сәйкес, тұрмыстық газды қолдануда сақтық ережесі өрескел бұзылған.
Ресейдің Магнитогорск қаласындағы тұрғын үйдегі жарылыстан қаза тапқандардың саны артты. Екі күн ішінде қирандылардың астынан 14 адамның денесі табылды. Тағы 30-дан астам тұрғынның тағдыры әлі белгісіз.
Екі күнде 300-ге жуық қылмыскер ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 21:30
Соңғы лицензиялық турнир: Түркияға аттанатын балуандар белгілі болды
Спорт • Бүгін, 20:45
Алматы облысында 340 мыңнан астам оқушы ағаш отырғызды
Экология • Бүгін, 19:55
«Айбын» орденіне қазақтың даңқты батырларының есімдері берілді
Президент • Бүгін, 19:16
Жаңақорғандықтар «Жасыл аймақ» апталығына белсенді қатысты
Экология • Бүгін, 18:37
Астанада ШЫҰ қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті
Айбын • Бүгін, 18:18