Жылқының қозғалыс аллюры: Аяң түрлері

Жылқы қозғалысы (аллюры) табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді. Табиғи жүріс – жылқыға адамның үйретуінсіз туада пайда болған жүріс түрлерін (аллюры) айтады. Жылқының табиғи жүріс түрлеріне: аяң, желіс, шабыс жатады (жорға жүрісі жайлы басқа бөлімде айтылады).

Егемен Қазақстан
23.01.2019 4626
2 Фотоны түсірген Ерлан ОМАР, «Егемен Қазақстан»

Аяңның түрлері.  Аяң – жылқының жай жүрісі. Бұл жүрісті қазақ халқы жылдамдығы мен қозғалыс ырғағына қарай: ілбу, өгіз аяң, жай аяң, жел аяң, сылаң аяң (жүріс), қатты аяң, көсем жүріс, китің, шоқырақ аяң, т.б. түрге бөлген.

● Ілбу (ілби басу) – Өте жай жүріс. Көбінесе кәрі аттар мен шабан жылқыларға тән қимыл. Ілбіп жүрген жылқының артқы аяқтары алдыңғы аяқ іздеріне жетпейді, әрі қысқа адыммен ілбиді.

● Өгіз аяң – Алдыңғы аяқтың ізіне артқы аяқ жетпей басады. Ұзақ жолға шыққан адам атын қинамас үшін әдейі өгіз аяңмен жүреді. Көбінесе ауыр жүк артылған немесе керуен-арба тартатын жылқылар ұзақ жолға өгіз аяңмен жүреді.

● Жай аяң – Атты өз еркімен тізгінді бос қойып жүргізуді айтады. Бір сөзбен айтқанда, жылқы өз ықтиярымен жүру деген сөз. Бұлай жүрудің мәні – жүрдек жылқылардың қозғалысы кезінде үстіндегі адам жолсоқты болып шаршаған жағдайда, ат үстінде демалып, тынығу үшін атты жай аяңмен жүргізеді.

● Сылаң немесе жел аяң – Бұл жүріс негізінен жас жылқыларға тән. Бойы шалдықпаған тай-құнандар сылаңдап аяңдайды. Сондай-ақ, жүйрік жылқыларды баптау барысында сылаң аяңмен жүргізіп тынысын ашады, көбең терін шығарады.

● Қатты аяң – Өте аяңшыл жылқының жүрісі. Бұндай қозғалысқа қарапайым аттар бүлкіл желіспен әрең ілеседі. Аяңшыл жылқының  артқы аяғы алдыңғы аяқтың ізінен асып түсіп отырады. Сағатына шамамен 10-12 шақырым жүреді.

● Көсем жүріс – Абай атамыздың сөзімен айтсақ, «тымақты алшы кигізгендей» аяғын көсіліп көсем тастап, адамның көңілін көтеретін жүріс. Көсем жүрісті жылқы аяғын шадырлап тастайды. Бірақ, бұл жүріспен жылқы алысқа жүрмейді. Өйткені,  көсем жүріс жылқыны тез шалдықтырады. Сондықтан, көсем жүрісті жылқыны той-томалаққа немесе ауыл арасына сәндікке мінеді.

● Китің – Аяңның бір түрі. Мінген адамға тынышты, сәл ырғап жеңіл тербеп отырады. Жорға мен аяңның арасынан шыққан аралас жүріс. Бірақ, китіңнен жорға шықпайды. Китің жүріс кезінде аттың аяғы өреленіп қозғалады. Китің аяңның ұйқасымды әсем түрі немесе ритмдік қозғалыс.

● Желiп басар – Алды аяңдап, арты жеңіл лыпып желіп отырады. Артқы аяқтың ізі алдыңғы аяқтың ізінен асып түседі. Бұндай жылқы қазақы тұқымнан көп кезіге бермейді. Бұл жеңіл қимылды әрі елпек ақылды жылқыларға тән қозғалыс. Көбінесе, таза қанды жылқылар желіп басады.

● Шоқырақ аяң – Кейбір аяңшыл аттың алды желіп, арты сыпылдай аяңдайды немесе алды шапшаң аяңдап, арты шоқырақтап желіп отырады.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Қарағандыда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

2018 жылға мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

20.02.2019

Алматы халқы жылына 50 мың адамға көбейіп келеді

20.02.2019

Әли Ахмедовтың қарсыласы анықталды

20.02.2019

Астананың қоғамдық көлігі: ұтқырлық – жолаушылар жайлылығының негізгі элементі

20.02.2019

Алматыдағы «Women in business» форумы мәреге жақындады

20.02.2019

Алматыда аз қамтылған отбасы балалары балабақшаларға тегін баратын болды

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов: «Астана – кәсіпкерлер қаласы»

20.02.2019

Ресейде оқып жүр, талай қазақ баласы

20.02.2019

Асқар Мамин: Үкімет Астананың дамуындағы өзекті мәселелерді шешуде ықпал етеді

20.02.2019

Алматы облысында үш ауысымды мектептерді жою мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде

20.02.2019

Түркістанда «Жастар ресурстық орталығы» ашылды

20.02.2019

«Ақтөбе» индустриялық аймағында 1 млрд теңгенің өнімі өндірілді

20.02.2019

«Алматы марафонының» қысқы жүгіруі осы сенбіде өтеді

20.02.2019

Қызылордада жоғалған 7 бала табылып, ата-аналарына қайтарылды

20.02.2019

Ақтөбелік жас кәсіпкер сал ауруымен ауыратын балаларды иппотерапиямен тегін емдейді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу