Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2020

Қызылорда облысында жол қозғалысы уақытша шектелді

621 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүін сағат 10:00 шамасында «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ филиалы «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1824-2057 шақырымы аралығында (Қызылорда қаласынан Түркістан облысына дейін) барлық автокөлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу қойды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызылорда облысында жол қозғалысы уақытша шектелді

Қызылорда облысының ҚАПБ және полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының  жол-техникалық инспекциясы қызметкерлері, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ, «Қазақавтожол» ЖШС мамандарымен бірлесіп автожолдар жағдайын тексерді.

Көлік құралдарының қозғалысын шектеу үшін ПД ЖПҚБ патрульдік полициясы ротасының 5 экипажы, Шиелі ауданы
полиция бөлімінің 40, сондай-ақ Жаңақорған ауданы полиция бөлімінің 13 қызметкері жұмылдырылды. Сонымен қатар, "Қазавтожол" ЖШС-нің 12 арнайы техникасы мен 24 қызметкері «Самара-Шымкент» автожолының мұз басқан учаскелеріне тайғаққа қарсы жалпы салмағы 120 тонна материал төседі.

Тексеру кезінде жол бойында 3 автокөліктің аударылғаны, бір көліктің металл қоршауларға соққаны анықталды. Күре жолдағы тайғақ салдарынан тағы бір автокөлік жол жиегінде тұрған көлікке соқтығысқан.  
Автожолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары бақылауға алынды.