Қызылорда облысының ҚАПБ және полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекциясы қызметкерлері, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ, «Қазақавтожол» ЖШС мамандарымен бірлесіп автожолдар жағдайын тексерді.
Көлік құралдарының қозғалысын шектеу үшін ПД ЖПҚБ патрульдік полициясы ротасының 5 экипажы, Шиелі ауданы
полиция бөлімінің 40, сондай-ақ Жаңақорған ауданы полиция бөлімінің 13 қызметкері жұмылдырылды. Сонымен қатар, "Қазавтожол" ЖШС-нің 12 арнайы техникасы мен 24 қызметкері «Самара-Шымкент» автожолының мұз басқан учаскелеріне тайғаққа қарсы жалпы салмағы 120 тонна материал төседі.
Тексеру кезінде жол бойында 3 автокөліктің аударылғаны, бір көліктің металл қоршауларға соққаны анықталды. Күре жолдағы тайғақ салдарынан тағы бір автокөлік жол жиегінде тұрған көлікке соқтығысқан.
Автожолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары бақылауға алынды.