Аймақтар • 05 Қаңтар, 2021

Қызылордада мереке күндері 636 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері мереке күндері күшейтілген режімде жұмыс атқарды. Қылмыстың алдын алу, ізін суытпай ашу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол апаттылығын болдырмау мақсатында  біршама жұмыстар атқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызылордада мереке күндері 636 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Мейрам күндері 34 қылмыстық құқық бұзушылық орын алып, оның 23-і тәулік ішінде ашылды, ал қалғаны бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.

Облыс бойынша барлығы 636 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, оның ішінде, қоғамдық орындарда масаң күйде болған 50, түнгі тыныштықты бұзған 10, алкоголь өнімдерін сату тәртібін бұзған 3 тұрғынға қатысты әкімшілік істер қозғалды.

Сонымен қатар облыс көлемінде 493 жүргізуші жол ережесін бұзған.  Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар атқарылды.

Мереке күндері ішкі істер органдарына әр түрлі құқық бұзушылық жасағандары үшін 41 жасөспірім жеткізілді.          

Қызылорда облысы аумағында өткен «Пиротехника» жедел профилактикалық іс – шарасы кезінде тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен сауда жасаудың 18 дерегі анықталып, әрбір  құқықбұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес (Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау), 25 айлық есептік  көрсеткіш  мөлшерінде  айыппұл салынды.

        

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024