Мейрам күндері 34 қылмыстық құқық бұзушылық орын алып, оның 23-і тәулік ішінде ашылды, ал қалғаны бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.
Облыс бойынша барлығы 636 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, оның ішінде, қоғамдық орындарда масаң күйде болған 50, түнгі тыныштықты бұзған 10, алкоголь өнімдерін сату тәртібін бұзған 3 тұрғынға қатысты әкімшілік істер қозғалды.
Сонымен қатар облыс көлемінде 493 жүргізуші жол ережесін бұзған. Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар атқарылды.
Мереке күндері ішкі істер органдарына әр түрлі құқық бұзушылық жасағандары үшін 41 жасөспірім жеткізілді.
Қызылорда облысы аумағында өткен «Пиротехника» жедел профилактикалық іс – шарасы кезінде тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен сауда жасаудың 18 дерегі анықталып, әрбір құқықбұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес (Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау), 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.