Қоғам • 22 Шілде, 2022

Алматыда Еуразиялық интеграцияны дамыту мәселелері талқыланды

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыда ЕЭК Экономика және қаржы саясаты министрі Бақытжан Сағынтаевтың қазақстандық қаржы нарығының қатысушыларымен кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда Еуразиялық интеграцияны дамыту мәселелері талқыланды

Отырысқа Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы М. Әбілқасымова, Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары В.Тутушкин Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының төрайымы Е.Л. Бахмутова,  банк және сақтандыру секторларының, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары осы жиынға қатысты.

Бақытжан Сағынтаев әріптестерін Комиссияның қаржы нарығы саласындағы жүргізіп жатқан жұмыстары туралы хабардар етті.

«Қаржы нарығы саласындағы интеграция – басты міндеттердің бірі. Оны шешу Одақ аясында капитал мен қаржылық қызметтердің кедергісіз қозғалысы үшін жағдай жасайды, инвестициялық және қаржылық қызметтердің қолжетімділігі мен алуандығын арттырады деп сенемін», деді министр.

Сонымен қатар Бақытжан Сағынтаев айтып өткендей, қазіргі уақытта банк және сақтандыру секторларында стандартталған лицензия институтын енгізу бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Сауда өзара қарым-қатынастарында ұлттық валюталарды пайдалануды дамыту процестерін талқылау шеңберінде кездесуге қатысушылар интеграциялық процестердің арқасында ұлттық валюталардағы өзара сауданың үлесі 70  пайыздан  дан асқанын атап өтті.

Бақытжан Сағынтаев «ұлттық валюталардағы өзара есеп айырысулардың тұрақты өсуіне қарамастан, мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауда және қаржы ағындарын арттыру қажет» деп атап өтті.

Кездесу барысында қатысушылар еуразиялық интеграция процестері аясында ынтымақтастықты одан әрі нығайту және өзара іс-қимыл туралы пікір алмасты.