Пікір • 15 Қыркүйек, 2022

Жан жарасымын іздесеңіз...

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда ұйымдастырылған діндер съезіне бұған дейін де қатысқан едім. Әр келген сайын бейбітшілікті насихаттау мақсатындағы тың идея­лар айтылады. Татулықты, әсіресе дін арқылы дәріптеудің өз нәтижесін беретініне көзіміз жетті. Бүгінде әлемде адамдардың зор ынтамен дінге бет бұруы байқалады.

Жан жарасымын іздесеңіз...

Дін адамдарға тыныштық табу үшін ғана емес, әр шешімін ақылға салып қабылдауына әсер етуі керек. Жан жарасымын табу үшін өзге де ұлттардың мәдениетін түсініп, сыйлап, бақытты өмірге құштар болуы қажет. Бүгінде жеке бір ұлттың мәселесін шешуден гөрі әлем халқының ортақ тағдырына алаңдауға басымдық берілуде. Бұл ретте, саясаткерлер, дін көш­басшылары мемлекеттер арасын­дағы дау-дамайды шешу жолында бірігіп, барынша әрекет етуге тиіс. Осылайша, адамдардың бақытты тағдыры қамтамасыз етілмек.

Бұл съездің түрлі дін арасындағы диалогтің орнауына, соның ішінде халықаралық қауіпсіздік пен әлеу­меттік үндестік мәселелері бойынша пікір алмасуға қосқан үлесі орасан. Дүние жүзі әлі де пандемияның зар­дабын тартып жатқан уақытта мұндай іс-шараны ұйымдастыру ел үкіметі тарапынан қажырлы еңбек пен көп күш-жігерді талап етеді. Өз басым өзге дін өкілдерімен бірге ой бө­лісіп, тамаша әсер алдым. Біз бірлесе отырып, адамзаттың бейбіт және тұрақты дамуына ықпал ете алаты­ны­мызға сенемін.

 

Ли ГУАНФУ,

Қытай даосистері қауымдастығының төрағасы