Дін адамдарға тыныштық табу үшін ғана емес, әр шешімін ақылға салып қабылдауына әсер етуі керек. Жан жарасымын табу үшін өзге де ұлттардың мәдениетін түсініп, сыйлап, бақытты өмірге құштар болуы қажет. Бүгінде жеке бір ұлттың мәселесін шешуден гөрі әлем халқының ортақ тағдырына алаңдауға басымдық берілуде. Бұл ретте, саясаткерлер, дін көшбасшылары мемлекеттер арасындағы дау-дамайды шешу жолында бірігіп, барынша әрекет етуге тиіс. Осылайша, адамдардың бақытты тағдыры қамтамасыз етілмек.
Бұл съездің түрлі дін арасындағы диалогтің орнауына, соның ішінде халықаралық қауіпсіздік пен әлеуметтік үндестік мәселелері бойынша пікір алмасуға қосқан үлесі орасан. Дүние жүзі әлі де пандемияның зардабын тартып жатқан уақытта мұндай іс-шараны ұйымдастыру ел үкіметі тарапынан қажырлы еңбек пен көп күш-жігерді талап етеді. Өз басым өзге дін өкілдерімен бірге ой бөлісіп, тамаша әсер алдым. Біз бірлесе отырып, адамзаттың бейбіт және тұрақты дамуына ықпал ете алатынымызға сенемін.
Ли ГУАНФУ,
Қытай даосистері қауымдастығының төрағасы