Экология • 19 Ақпан, 2024

Үлбі өзенін ластаған ірі компания 50 млн теңге айыппұл арқалады

46 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үлбі өзенінің ластануына байланысты тергеу ісі аяқталды. Тексеру нәтижесінде «Қазцинк» ЖШС Риддер тау-кен байыту кешеніне 50 млн теңге айыппұл салынды, деп жазады Egemen.kz.

Үлбі өзенін ластаған ірі компания 50 млн теңге айыппұл арқалады

Фото: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі өзенінен алынған су сынамасында марганец көрсеткіші 4,5 есе артық болғаны анықталды. 

«Аймақта тау-кен өндірісін жүргізетін компания тазарту жұмыстарын тиімді жүргізбеу себебінен Үлбі өзеніне көптеген өндірістік қалдық-ағындар жіберілген. Аталған факт негізінде «Қазцинк» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Дәлелді, қорытындылар негізінде «Қазцинк» ЖШС-не 50 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді», делінген Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің хабарламасында.