Құтқарушы • 27 Ақпан, 2024

«Төртеуі шетелдік»: Қар құрсауынан 7 адам құтқарылды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды, оның 4-еуі шетел азаматы, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Төртеуі шетелдік»: Қар құрсауынан 7 адам құтқарылды

Фото: ҚР ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, 26 ақпанда Жуалы ауданына қарасты Шымбұлақ ауылынан 8 км (таулы жер), ТЖД қызметкерлері Б.Момышұлы атындағы ауылға қар құрсауында қалған 7 адамды жеткізді. Олардың 4-еуі Қытай азаматтары. Құтқарылғандарға медициналық жәрдем қажет болмаған.