Фото: ҚР ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, 26 ақпанда Жуалы ауданына қарасты Шымбұлақ ауылынан 8 км (таулы жер), ТЖД қызметкерлері Б.Момышұлы атындағы ауылға қар құрсауында қалған 7 адамды жеткізді. Олардың 4-еуі Қытай азаматтары. Құтқарылғандарға медициналық жәрдем қажет болмаған.