Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20820 материал табылды

Тарих • 03 Маусым, 2020

Тарих таразысындағы төрт жайт

Ресейдің «Еуропаға терезе тескен» ұлы патшасы І Петр дінбасы мен жандармерия басшысын шақырып алып, үшеуі шетелдердей бай болу үшін Ресей тұрған құрлықты түгелдей орыстандыруға шешім жасапты. «Бұратана» халықтарды әуелі дін жолымен алдап-сулап жіпсітіп, христиан дініне енгізу, аты-жөндерін орысшалау, егер оған көнбесе, қару күшімен мәжбүрлеу керек десіпті. Сөйтіп олар «кембағалдардың» жерлерін тегін иеленіп, асты-үстінің байлығына кенелудің оңай жолы «тоқаш пен тоқпақ» саясатын жүргізу дес­кен. Мен оны сонау жылдары, қызмет бабымен аралас-құралас болып жүрген кезімде, мәскеулік жазушы-тарихшылардың бірнешеуінен естідім. Үшеудің «тарихи» құжаты Кеңес Одағының мемлекеттік орталық мұрағатында сақтаулы екен де, «№1 үстелдегі» онымен танысқысы келетіндер КОКП Орталық комитетінен рұқсат алуға тиіс екен, ал рұқсат сұрағанға беріле салмаған және құжаттан көшірме алуға тыйым болған.

Руханият • 03 Маусым, 2020

Ұлағат

Әбдікәрім Бектаев ағамыз тірі болса, бұл күндері сексен жасқа келіп, елі, жұртының, ағайын, туыс, тілектес замандастарының, отбасы, бала-шағасының құрметіне бөленіп, ықыласына кенеліп, марқайып, төрде отырар еді. Ол құрметті тек абыз жасына келгендігінен емес, еліне, жеріне, өзі өмір сүрген қоғамына адал еңбек сіңіріп, ғибратты сөз, өрісі кең өнеге, асыл текті ұрпақ қалдырғандығынан да көрер еді. Қарттықты қадірлеу, үлкенді сыйлау – қазақ халқының ежелгі дәуірлерден қалыптасқан қазыналы дәстүрлерінің бірі ғана емес, сол игі дәстүрлердің ең тұғырықтысы, өскелең ұрпақпен тұтастығы, рухани қазыналылығы екендігі бүгін айтылған сөз емес, ғасырлардан ғасырларға жалғасып келе жатқан асыл мұра.

Қоғам • 02 Маусым, 2020

Түркі тілдес мемлекеттердің жоғары оқу орындары онлайн концерт өткізді

Бүгін «Білім. Ғылым. Бауырластық» атты түркі тілдес мемлекеттері жоғары оқу орындарының ынтымақтастығына арналған сұхбат-концерт өтті.

Президент • 02 Маусым, 2020

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы • 02 Маусым, 2020

Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешевті қабылдады

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.  

Елбасы • 02 Маусым, 2020

Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне «Birgemiz» қорының қазіргі қызметі және партия мүшелері арасындағы іріктеу жұмыстарына дайындық – праймериз туралы мәлімет берілді. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Спорт • 02 Маусым, 2020

«Сарыарқа» хоккей клубы тағы бір ойыншымен толықты

«Сарыарқа» хоккей клубына жаңа қорғаушы қосылды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Аймақтар • 02 Маусым, 2020

«Байқоңыр» ғарыш кешеніне - 65 жыл

Цифрлық даму, инновациялар  және аэроғарыш  өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Қазақстанның ғарыш саласындағы кәсіпорындардың барлығының атынан «Байқоңыр» ғарыш кешенінің 65-жылдығын құттықтады.

Аймақтар • 02 Маусым, 2020

Ұлттық геологиялық барлау компаниясына жаңа басшы тағайындалды

2 маусымда Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ жаңа басқарма төрағасын таныстырды.

Қоғам • 02 Маусым, 2020

Nur Otan: Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныстар жасалды

Nur Otan-ның Партиялық бақылау комитетін жайылымдық жерлер жеткілікті мөлшерде бола тұра, еліміздің көптеген аймақтарында ауыл тұрғындары үшін жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі неліктен өзекті мәселе болып тұрғаны алаңдатады. Бұл туралы Nur Otan партиясының баспасөз қызметі хабарлады.