Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21649 материал табылды

Руханият • 28 Тамыз, 2020

Мерейтойлық жыр-шашу

Дала мәдениетін бойына сыйдырған дана халқымыздың дүрия дүниеден алған бір еншісі болса, ол – айбарлы Ата Заң. Тәй-тәй басқан тәуелсіздіктің бұғанасын бекітіп, қадамына құт дарытқан да сол егемен ереже. Содан да болар, ұлт тұтастығына ұйытқы болған мерейлі сәтті мұқым қазақ мерекесі мен берекесіне балайды. Биыл Конституциямыздың 25 жылдық мерейтойы. Соның қарсаңында руханиятымыз тағы бір толымды туындымен толықты. Қазақ ақындарының аманатын арқалаған «Жыр арқауы – Ата Заң» атты жинақ Конституциялық Кеңестің ұйытқы болуымен жарық көрді.

Экономика • 28 Тамыз, 2020

Кооператив: іріленгеннің ісі ірі болады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Үкіметке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Егіс даласынан – дүкен сөресіне дейін» атты қанатқақты жобаны бірнеше өңірде бастауды тапсырды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру кезінде «ҚазАгро» арқылы жылдық мөлшерлемесі 6 пайыз болатын жеңілдетілген шағын несие берілетінін де айтты.

Өнер • 28 Тамыз, 2020

Үлкен театрдың әншісі Сембиндi сағынғанда Павароттидің сәлемі еріксіз еске түседі

Ол сахнаға жарқ етiп шыға келгенде, бiр шетте жұлдыз жанғандай болатын. Әндi аяқтай бере, театр iшi айқайға тұнып кетедi. Өңкей бiр өнер сүйген жүректер жарыла жаздап, бұны сахнадан жiбергiсi келмейтiн. Ол көп күттiрмей ырғала басып қайта шығады. Сұңғақ, сұлу, сымдай тартылған, тәкаппар, паң. Алып-ұшпайды. Осынша қошеметтiң бәрiн қалай көтерiп жүр? Жер ойылып кететiндей әр жер-әр жерден маңғаз басады. Сәл ғана иiледi. Болмашы ғана езу тартады. Аса бiр сүйсiнгенде сұлу бетiнiң екi ұшына қызғылт сәуле ойнап шыға келедi. Ал аса риза кейiпке енгенде екi бетiнiң алабұртқан ұшы тереңдеп, жүрегiңдi жұлқып кетердей әдемi бiр иiрiм, үйлесiм пайда болады.

Аймақтар • 27 Тамыз, 2020

Мақтааралдық шаруалар қауын және қарбыз өнімдерін шетелге экспорттауда

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданында қауын-қарбыз бизнесінің қайнап тұрған кезі. Аудан шаруалары өз өнімдерін еліміздің ішкі нарығымен қатар, экспортқа шығаруда.  Күн сайын 200-300-ге тарта қауын-қарбыз тиелген жүк көліктері ТМД елдеріне, Прибалтика елдеріне, Түркия, Германия, Греция елдеріне жол тартып жатыр.  

Тағайындау • 27 Тамыз, 2020

Рустам Айдарханов ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі болып тағайындалды

Айдарханов Рустам Рамазанұлы ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Аймақтар • 27 Тамыз, 2020

Еңбекшіқазақ ауданында "Жұмыспен қамту жол картасы" аясында 106 жоба жүзеге асырылуда

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 106 нысан жөндеуден өтіп, салынуда. Өңірдің халық ең тығыз қоныстанған ауданында жаңа мектеп салынып, саябақ жаңаруда, көшелер жарықтандырылып, жолдар жөнделіп, инженерлік жүйелер төселуде. Бұл жұмыстарға 11,5 млрд. теңге бөлінген, - деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 27 Тамыз, 2020

Зауыт жұмысшылары жұмыссыз қалуы мүмкін

Өскемендегі 5 мың жұмысшысы бар «Бипэк Авто – Азия Авто» зауытының ұжымы әділдік іздеп, конституциялық құқықта­рының қорғалуын сұрап, петиция әзірлеп жатыр.

Қоғам • 27 Тамыз, 2020

Ата-аналар жиналысы өтті

Елімізде жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық аясында мектептер ата-аналар жиналысын өткізді. Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері ата-аналарға оқу жылының қалай басталатынын егжей-тегжейлі түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.

Қазақстан • 27 Тамыз, 2020

Мәреге екінші болып жетті

Ресейдің «Алабино» полигонында өтіп жатқан жарыста біздің танк экипажымыз Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан командаларына қарсы тартысты сайыста ресейлік әріптестеріне жол беріп, екінші орынды иеленді.

Таным • 27 Тамыз, 2020

Абай мен Алаштың ізі қалған көне ғимараттар қаңырап тұр

Алаштың астанасы болған Семей шаһарының көне көшелерімен күні кеше ұлы Абай жүрген, Алаштың ардақтылары Әлихан, Ахмет, Міржақыптар жүрген. Бүгінде тау тұлғалардың табаны тиген тарихи қаланың тар көшелерінде тар заманның бір ғимараты сақталса, бірі жойылып кеткен. Енді бірі қаланың қақ ортасында қаңырап бос тұр. Көненің көзіндей болып, мұражай қызметін атқарып тұрғандары да жоқ емес.