Саясат • 14 Қыркүйек, 2021

Қазақ-неміс орталығы ашылды

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақ-неміс орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Елордада мұндай орталықты құру туралы келісімге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы желтоқсандағы Германияға алғашқы ресми сапары кезінде Берлинде қол қойылған болатын.

Қазақ-неміс орталығы ашылды

Орталықтың қызметі Қазақ­стан немістерінің этникалық бі­ре­гейлігін, мәдениеті мен ана ті­­лін сақтауға бағытталады, сон­дай-ақ екі елдің іскерлік қоғам­дас­­тығы үшін диалог алаңы болады.

Ашылу рәсімінде ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов, Германияның Федералдық үкіметінің қоныс аударушылар мен аз ұлттар істері жөніндегі уәкілі Бернд Фабрициус, Қазақстан Пар­ла­менті Мәжілісінің депутаты, «Воз­рождение» қазақстандық неміс­тер бірлестігі қоғамдық қоры­ның Қамқоршылық кеңесінің төр­ағасы Альберт Рау, АҚДМ этнос­аралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин және басқалар қатысты.

Бернд Фабрициус астанада неміс орталығын ашудың маңыздылығын атап өтіп, Германия үкіметінің атынан Қазақстан халқына республикада тұратын этникалық немістерге көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Орталықтың ашылуының бастамашысы Альберт Рау өз сөзінде: «Бұл жай орталық немесе кеңсе ғана емес – бұл неміс мәдениеті мен дәстүрлеріне қосылғысы келетіндерге толы іргелі үй болады», деді.

Орталықтың ашылуы мен қызметін қаржыландыруды Германия Үкіметі мен жеке демеушілер жүзеге асырады.

 

«Егемен-ақпарат»