Қазақстанның Киберқалқаны бағдарламасы аясындағы «Ақпараттық қауіпсіздіктің жаңа моделін енгізу (қайта жүктеу)» цифрлы трансформациялаудағы негізгі жобаларының бірін іске асыру бойынша қорытындылары шығарылды.

Жоба жетекшісі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Корпоративтік қауіпсіздік департаментінің бас менеджері Орынбасар Жүнісбеков ақпараттық қауіпсіздікті басқару процестерін енгізу кезіндегі негізгі өзгерістерді атап өтті. Жоба командасы осы саладағы халықаралық стандарттар мен үздік тәжірибелерді, сондай-ақ жобалық менеджмент пен өзгерістерді басқару әдіснамасын қолданды. Бұл процестерді енгізудің тиімділігі мен табыстылығының үлесін едәуір арттыруға мүмкіндік берді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Самұрық-Қазына» АҚ қоры тобының бірінші портфельдік компаниясы орын алған оқиға туралы ақпаратты анықталған сәттен бастап 15 минут ішінде «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ жанындағы Ақпараттық қауіпсіздік ұлттық үйлестіру орталығына автоматты түрде береді. Сонымен қатар осалдықтар мен жаңартуларды басқару процесі жолға қойылып, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздіктер анықталуда. Бүгінде ұлттық компанияның ақпараттық ресурстарындағы 3 мыңнан аса қауіпті осалдық жойылды. Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ақпараттық қауіпсіздікті реттейтін ішкі құжаттардың орындалмауының негізгі себептері үнемі талданады және жойылады. Жаңа процестер мен технологиялар бойынша жұмыс істеу үшін біртіндеп жүзеге асырылатын нұсқаулықтар әзірленді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» негізгі пайдаланушылары үшін 20-дан астам тренинг өткізілді.
– Біздің басты міндетіміз – қауіпсіздік өндіріс пен тасымалдау мәдениетіне қосылғаны іспетті киберқауіпсіздік туралы хабардарлықты енгізу және оны темір жол саласы мәдениетінде ұстану, – деді Орынбасар Жүнісбеков. – Ақпараттық күнге қатысушыларды онда талқыланған мәселелер қызықтырды. Теміржолшылар ақпараттық қауіпсіздік процестерін одан әрі енгізу қажеттілігін түсінеді.
Жоба командасы жеделдігінің нәтижесінде аталған жоба белгіленген мерзімнен 4 ай бұрын, яғни қыркүйекте аяқталады.
«Егемен-ақпарат»
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар