Дәрігерлер түскі немесе кешкі астан кейін шай ішу ас қорытуды бұзып, темірдің ағзаға сіңуін азайтатынын айтады.
«Шай жапырақтарында таниндер бар, олар тамақ арқылы ағзаға түсетін темірмен араласып, соның салдарынан бұл маңызды микроэлемент сіңірілмей қалады. Бұл, өз кезегінде, денсаулыққа жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін», - деп жазады Тsn.ua басылымына сілтеп Almaty.tv.
Денедегі темір жетіспеушілігі анемия, бұлшықет тіні проблемаларын, созылмалы шаршауды және бас ауруын тудыруы мүмкін. Бұл әсіресе балалар мен жүкті әйелдер үшін қауіпті.
Сусынды ішудің денсаулыққа жағымсыз салдарын болдырмас үшін дәрігерлер шайды түскі немесе кешкі астан кейін отыз минуттан кейін ішуді ұсынады. Денеге барлық пайдалы дәрумен мен микроэлементтерді сіңіру үшін отыз минут жеткілікті болады. Таңғы ас кезінде шайды майлы тағамдармен ішуге болмайды.
«Дәрігерлер сондай-ақ тамақтан кейін көк шай немесе шөп тұнбаларын ішуді және қою қара шай ішуден бас тартуды ұсынады. Өйткені көк шайда қара шайға қарағанда таниндер әлдеқайда аз, ал шөптен жасалған сусындар қоректік заттардың қорытылуына және сіңуіне әсер етеді. Сондай-ақ қантты шамадан тыс пайдаланбау керек, бір кесе шайға бір қасық қант жеткілікті», дейді мамандар.