Президент • 07 Тамыз, 2019
Арыстағы жарылыс: Сәкен Жасұзақов Қарулы Күштер қатарынан босатылды
Мемлекет басшысы Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімшедегі қару-жарақтың жарылуына және қалада адам шығынына ұшыратқан ауқымды апатқа жол бергені үшін бірқатар шара қолданды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 07 Тамыз, 2019
Жастар үшін баспаналы болудың қандай жолдары бар
Ел Үкіметі «Жастар жылы» аясында жастардың баспана мәселесін шешуге басымдық беріп отыр.
Қоғам • 07 Тамыз, 2019
Елордада қайырымдылық велошеруі өтеді
Қазақстанда донорлық жүректі бірінші рет трансплантациялаудың жеті жылдығына арналған шара аясында қайырымдылық велошеруі ұйымдастырылады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 07 Тамыз, 2019
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты. Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп, Қазағым, енді жату жарамас- ты. Міржақып ДУЛАТҰЛЫ Елордамызда соңғы бес жыл ішінде екі мың көше атауы қайта қаралып, советтік атаулар рухани бағытқа бет бұрды. Бұл үлкен жетістік емес, бұл құлдық санадан бостандыққа қарай боздап жасалған ұлы қадам. Десе де, қазақ оқырманы өз қаһармандарын білуі керек. Басынан бастайық...
• 07 Тамыз, 2019
Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Ұлттық биотехнология орталығына барды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық биотехнология орталығына барды, онда қазақстандық ғылымның дамуымен, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен қолданбалы жобаларды әзірлеумен танысты. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Қазақстан • 07 Тамыз, 2019
Қазақстанда 2018 жылы 3 млн дана тері өндірілді
2,1 млн. астам тері (жалпы санның 70%-ы) тұрғындардың шаруашылықтарында өндіріледі, қалған 30% мамандандырылған мал сою бекеттерінен алынады. 2018 жылы отандық кәсіпорындар 400 мың, яғни 2,4 мың тонна тері өңдеді, экспорт 817 мың АҚШ доллары сомасын құрады (шамамен 135 мың тері.) Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2019
Арыс қаласында 7 әлеуметтік нысан толық қалпына келтірілді
Құрылыс және ТКШ істері комитетінің мәліметі бойынша, Арыс қаласында жалпы алғанда 9313 құрылысшы еңбек етуде. 7 мыңнан астам маман тұрғын үй қорын қалпына келтіруде, қалған бөлігі әлеуметтік нысандарда іске қосумен айналысуда. 6 тамызға дейін бригадалар 7 білім беру мекемесін толық жөндеуден өткізіп, пайдалануға тапсырды. Білім беру, денсаулық сақтау және спорт саласындағы 59 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталуда, деп Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 07 Тамыз, 2019
5 мың әлеуметтік білім гранты: Қай өңірге, қанша бөлінді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бөлінген 5 мың әлеуметтік білім грантын жергілікті атқарушы органдар конкурстық негізде үлестіреді. Бұл үшін облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдерімен конкурстық комиссиялар құрылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Медицина • 07 Тамыз, 2019
Алматыда дәрігерлер базар қызметкерлері мен келушілерді қарады
Алматының Жетісу ауданындағы үш базарда дәрігерлер 3 күн бойы қызметкерлер мен келушілерді кешенді алдын алу шараларынан өткізді. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 07 Тамыз, 2019
Елорда әкімі Ұлттық ұланның отбасыларымен кездесті
Қала әкімі Алтай Көлгінов Қараөткел (Ильинка) кентінде орналасқан Ұлттық ұланның әскери бөліміне барды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.