Аймақтар • 03 Қараша, 2019

Кәсіпкерлер палатасының кеңесіне үміткерлерді қабылдау басталды

230 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

1 қарашадан бастап Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мүшелігіне үміткерлерден өтінімдер қабылдау басталды. Үміткерлер сайт арқылы өтініш бере алады.

Кәсіпкерлер палатасының кеңесіне үміткерлерді қабылдау басталды

«Ағымдағы жылдың 28 тамызында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелері ортақ уағдаластық негізінде өзін-өзі тарату бойынша шешім қабылдап, өңірлік кеңес мүшелігіне кандидаттар сайлауын өткізуді ұсынды. Алматы қаласы өңірлік кеңесінің шешімін, сондай-ақ Алматыда басқа қалалармен салыстырғанда отандық компаниялар саны басым (барлығы 186 000 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді) екенін ескере отырып, ҰКП өңірлік кеңес мүшелігіне кандидаттарды сайлауды қанатқақты режимде Алматы қаласында өткізу туралы шешім қабылдады. Содан кейін ҰКП Төралқасы шешімі бойынша алматылық тәжірибе бүкіл республикаға таралатын болады», - деп Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Юрий Тілеумұратов атап өтті.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осы жылы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мүшелігіне кандидаттар сайлауын алғаш рет өткізеді. Пилоттық жоба жүзеге асырылғанна кейін кейін ҰКП осы тәжірибені республика бойынша өңірлік палаталарға таратуды жоспарлап отыр.                                                                                                                                                                  

«ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңына сәйкес өңірлік кеңестің мүшелері Съезд бекіткен тәртіппен кәсіпкерлік субъектілері атынан делегаттарының тікелей дауыс беруі арқылы сайланады.  «Атамекен» ҰКП қалыптасуы кезеңінде белгілі бір бизнесменнің қоғамдағы беделі және оның бизнесінің салалық маңызын еске ала отырып өңірлік кеңестің құрамын қалыптастыру орынды еді. ҰКП Сеъздінің 2018 жылғы 21 маусымдағы шешіміне сәйкес өңірлік кеңес мүшелерінің сайлауы ҚР ҰКП Төралқасы шешімімен үш жыл ішінде жүргізілуі керек.