Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Аймақтар • 25 Маусым, 2019

Мәдениет және спорт министрлігі Арыс қаласына көмек көрсететін штаб құрады

Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті Арыс қаласына көмек көрсететін штаб құрады. Осыған, орай Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы Серік Сапиев қала тұрғындарын аталған қайырымдылық шарасынан қалыс қалмауға шақырды.

Қазақстан • 25 Маусым, 2019

ҰБТ: Бір ғана талапкер 140 балл жинады

Ұлттық бірыңғай тест тапсырған түлектерден республикалық апелляциялық комиссияға 111 өтініш түсті. Бұл туралы бүгін ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев айтты.

Қазақстан • 25 Маусым, 2019

Сенаторлар Арыс қаласындағы оқиғаларға байланысты қайғырып көңіл айтты

«Сенаторлар Түркістан облысының Арыс қаласында болған оқиғаларға байланысты қайғырып көңіл айтты. Әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан адамдар қаза болды, жараланғандар бар, тұрғындарды көшіруге тура келді», деді Дариға Назарбаева жеделхатта. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 25 Маусым, 2019

Арыста жарылыстардың қайталану қаупі сақталуда – ІІМ

Арыстағы әскери бөлімше аумағындағы оқ-дәрі қоймасында жарылыстар тыйылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты. Бұл туралы Қазақпарат тілшісі хабарлады.

Қазақстан • 25 Маусым, 2019

Президенттің сайлауалды бағдарламасын орындау азаматтардың әл-ауқатын арттырады

Премьер-Министр А. Маминнің төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысында Президент Қ. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында азаматтардан алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары қаралды.

Қазақстан • 25 Маусым, 2019

Egemen Qazaqstan ұжымы бір күндік жалақыларын Арыс тұрғындарына аударады

Қаржы Түркістан облысының Арыс қаласында болған жарылыс салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге бағытталған.

Президент • 25 Маусым, 2019

Президент Арыс тұрғындарына көмек көрсетіп жатқан барлық волонтерлерге ризашылық білдірді

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында жазды.

Аймақтар • 25 Маусым, 2019

Арыстағы апат салдарынан 20 жолаушылар пойызы тоқтап тұр

Арыстағы апат салдарынан 20 жолаушылар пойызы тоқтап тұр. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығы хабарлады.

Саясат • 25 Маусым, 2019

Президенттің сайлауалды бағдарламасының іс-қимыл жоспарын іске асыру – Үкіметтің негізгі міндеті

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президенттің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында азаматтардан алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау шаралары қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 25 Маусым, 2019

Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты Кәсіподақтар федерациясы Үндеу жариялады

Арыс қаласындағы апатты жағдайға байланысты Кәсіподақтар федерациясы республикамыздың барша азаматтарына - барлық кәсіподақ мүшелеріне, жұмыс берушілер мен бизнес өкілдеріне апаттан зардап шеккен аймаққа жан-жақты материалдық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету жөнінде үндеу жолдады.