Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1640 материал табылды

Аймақтар • 07 Шілде, 2022

Еңбектің Еркіні

«Қарқын» агрофирмасында қайнап жатқан қызу тіршілік «Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді» деген нақылдың ақиқат сөз екеніне көз жеткізе түседі. Мұндағы жыл он екі ай бойы тоқтамайтын еселі еңбектің ұйытқысы да, қозғаушы күші де – шаруашылық басшысы Еркін Бұқанов. Іскер азаматтың жаңашыл ізденісі мен қажырлы еңбегінің нәтижесінде, шалғайдағы ауыл жыл өткен сайын көркейіп, өсіп-өркендеп келеді.

Аймақтар • 05 Шілде, 2022

Арқалықта мың адам күй тартты

Арқалық қаласының орталығында Ұлттық домбыра күні мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар аясында халық аспаптар оркестрі мен қала тұрғындарынан құралған 1000 адамдық оркестр өнер көрсетті.

Қоғам • 04 Шілде, 2022

Тұтынушылардың бірыңғай тарифі қолданысқа енеді

Қостанай облысында электр энергиясын жеткізу қызметінің дифференциялы тарифінің орнына тұтынушылардың бәріне бірдей жаңа төлем жүйесі қолданысқа енеді. Қанатқақты жобаның жөн-жосығын облыс жұртшылығына өңірге арнайы жұмыс сапарымен келген Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрғасы Серік Жұманғарин таныстырды.

Аймақтар • 30 Маусым, 2022

Абыз басылымның ғасырлық мерейтойы

Қостанайлықтар өңір баспасөзінің қарашаңырағы – Qostanaı tańy газетінің ғасырлық мерейтойын атап өтті. І.Омаров атындағы қазақ драма театрында өткен салтанатты жиынға облыс басшылары, өңір зиялылары, журналистер қауымы, сондай-ақ айтулы мерейтойға алыстан арнайы келген филология ғылымдарының докторы, Журналистика академиясының академигі Серікқали Байменше, белгілі журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қарымды қаламгер Қайсар Әлім қатысты.

Аймақтар • 27 Маусым, 2022

Өңдеу өнеркәсібінде өсім жоғары

Президент жанындағы Орталық коммуникация­лар қызметінде өткен бас­пасөз конференциясында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Мемлекет басшысының хал­ықтың әл-ауқатын арт­тыру жөніндегі тапсыр­маларының орындалу бары­сы мен аймақтың әлеу­мет­тік-экономикалық даму барысы туралы баяндады.

Аймақтар • 24 Маусым, 2022

Өңдеу өнеркәсібінде өсім жоғары

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы мен аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы баяндады.

Аймақтар • 23 Маусым, 2022

Қараусыз мал егінді жайпап жатыр

Ауыл мен ауылшаруашылық құрылымдарының арасындағы жайылым дауының таяу арада реттеле қоятын түрі жоқ. Тұрғындар көптен бері қолындағы бірді-екілі малын өрістететін қолайлы жайылымға қол жеткізе алмай келе жатыр. Ал алқабы ауылдың шетіне келіп тірелген шаруашылықтар жұрттың қараусыз малы егінімді жеп қойды деп шағым айтудан шаршамайды.

Қоғам • 23 Маусым, 2022

Аңсаған үшем

Жеті жыл бойы бір перзентке жете алмай зар болып келген ерлі-зайыпты Игорь мен Алена Лукиндердің отбасында үшем дүниеге келді. Маусымның 14-інен бері дәрігерлердің бақылауында болған ана мен үшем қалалық перзентханадан бір жетіден кейін ғана шықты.

Аймақтар • 23 Маусым, 2022

VII халық спорты ойындары

Тобыл төрінде ту көтерген республикалық додаға еліміздің 14 өңірі­нен мың жарымнан астам спортшы қатысып жатыр. Олар халық спорты санатына енген қазақ күресі, тоғызқұмалақ, шағын футбол, волейбол, баскетбол, гір спорты, қол күрес және асық ату­дан сынға түсуде. Бәсекеде ұзын ырғасы 34 медаль сарапқа салынады.

Театр • 22 Маусым, 2022

Astana opera – Рудный сахнасында

Astana Opera театры еліміздің ірі өндіріс орталықтарын аралап жүр. Бұған дейін Павлодар, Екібастұз және Қарағанды қалаларында өнер көрсеткен театр труппасы кезекті қойылымын Рудный кеншілеріне тарту етті.