Banner
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
2024 материал табылды

Оқиға • Кеше

Ресейге 4 тонна металл алып өтпек болғандар ұсталды

Қостанай облысындағы «Аят» шекара бекетінде Ресейге түсті метал сынықтарын алып өтпек болған «Renault» маркалы жүк көлігі ұсталды. Жүргізушінің жол құжатында көліктің жүксіз, бос кетіп бара жатқаны көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тағайындау • Кеше

Қостанай облысы прокурорының орынбасары тағайындалды

Бас прокурордың 12 ақпандағы бұйрығымен әділет аға кеңесшісі Ерлан Андабаев Қостанай облысы прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • Кеше

Қауіпті дертті сәулемен емдейді

Қостанай қалалық онкологиялық көпсалалы ауруханасына «Halcyon» желілік үдеткіші орнатылды. Заманауи құрылғы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаражаты есебінен 2,7 млрд теңгеге сатып алынып отыр.

Форум • Кеше

Жақсылыққа жетелеген жиын

Қостанайда «Жас қол­даушы» деген тақырып аясында жастар форумы өтті. Мыңнан аса студент, волонтерлер бас қосқан іс-шараға облыс әкімдігі, прокуратура, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, бүгін­гі қоғамда «Заң мен тәртіп» қағи­датын орнықтырудың маңызы турасында ойларын ортаға салды.

Өнер • Кеше

Қардан мүсін тұрғызды

Сарыкөл ауданының Тағыл ауылындағы бұл үйдің ауласынан әр қыс сайын әртүрлі жан-жануардың мүсіндерін көруге болады. Мысалы, өткен жылы қыстай тұрған қарагер аттың орнын биыл биіктігі екі жарым метр болатын ақбоз ат басқан. Ал ақ аюдың орнында ала панда тұр.

Білім • 19 Ақпан, 2026

Қостанай облысында 100 орындық жаңа мектеп ашылды

Қостанай ауданына қарасты Еңбек ауылында 100 орындық мектеп пайдалануға берілді. Ауылдық жерлердегі мектеп инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама аясында бой көтерген екі қабатты білім ордасы 1 млрд 220 млн теңгеден астам қаржыға салынған, деп жазады Egemen.kz.

Мәдениет • 19 Ақпан, 2026

Дананы сомдаған Хәкімжан

Бала кезіміздегі көп арманның бірі – Алматыны көру еді. Біздің ауыл­да Алматыға барып қайтқан бала сүйкімді көрінетін. Сөйткен арман қалаға алғаш рет әпкеммен жеттім. Абай ескерткішіне барып, суретке түстік. Адасып қалсақ, осы ескерткіштің түбінде күт дегені есімде. Қалтарыс-бұлтарысы көп үлкен қалада бір-бірінен көз жазып қалған адамның көбі осы алып ескерткіштің түбінде табысатын.

Білім • 18 Ақпан, 2026

ҰБТ: Қостанай облысында талапкерлердің 74%-ы шекті балл жинады

Қостанайда 2026 жылдың алғашқы ҰБТ-сы аяқталды. Ұлттық тестілеу орталығының Қостанай қаласындағы филиалының басшысы Нұргелді Хасеновтың айтуынша, талапкерлердің 39%-ы қазақ тілінде, 61%-ы орыс тілінде және 1 адам ағылшын тілінде тест тапсырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Байқау • 18 Ақпан, 2026

Озық оқырмандар марапатталды

Қостанайда кітапсүйер көпшілік арасында өткен «Оқы және жең» онлайн байқауы қоры­­тындыланды. Салтанат­ты іс-шарада жобаға қатыс­қан сегіз мың адамның ішінен оза шауып жүлдеге іліккен 50-ден астам оқырманға ар­найы дипломдар, қомақ­ты қаржысы бар сертификаттар табыс етілді.

Аймақтар • 17 Ақпан, 2026

Су тасқыны қаупі: Қостанай облысының әкімі шұғыл тапсырма берді

«Қазгидрометтің» болжамынша, Қостанай облысында наурыз, сәуір айлары жауын-шашынды болып, ауа райы күрт жылынуы мүмкін. Осыған орай облыс әкімдігінде өткен кеңесте көктемгі тасқынның алдын алу және қауіпті аймақтардағы сақтық шараларын күшейту мәселелері пысықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика