
Қоғам • 07 Ақпан, 2025
Санай қарияның Баян-Өлгейге барып қайтамын дегенін балалары құп көре қоймаған. Кейінгі кезде онсыз да әлсін-әлсін төсек тартып қала беретін үлкен кісіні дәл осы күйде ешқайсының алыс сапарға жібергісі жоқ.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2025
Арман Шаққалиев Қостанайға жұмыс сапарымен барды
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қостанайдағы бірнеше өнеркәсіп орнына барды. Алдымен облыс орталығындағы Индустриялық аймаққа ат басын тіреген министр 2023 жылы іргетасы қаланған «КІА» зауытының құрылысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жәдігер • 06 Ақпан, 2025
Қостанай қаласының тұрғыны Асқар Тойғановтың үйінде осыдан 300 жыл бұрын қашалған қобыз сақтаулы тұр. Бойында бірнеше ғасырдың үні тұнып жатқан қыл қобыз қарағайдан бүтіндей шабылып жасалған. Мойны мен шанағы тұтасқан тұсы мен басы жез таспамен қапталған.
Оқиға • 05 Ақпан, 2025
Санитарлық авиация ұшағы әуежайға жетпей қонуға мәжбүр болды
Бүгін қатты боранның салдарынан Қостанайдан Арқалыққа ұшып бара жатқан «АН-2» санитарлық ұшағы әуежайға жетпей қонды. Арқалық қаласынан 1,5 шақырым жерге қонған ұшақта екі ұшқыш, екі дәрігер – барлығы төрт адам болған.
Қоғам • 01 Ақпан, 2025
Арамызда қазіргі қоғамның қалпын аңдап, елдің ертеңі үшін алаңдайтын кәсіпкерлер де бар. Мәселен Рудныйда бірнеше көпқабатты тұрғын үй тұрғызып жатқан «QC Нolding» құрылыс компаниясының басшысы Нұралхан Әмірханұлы өткен жылдан бері көпке өнеге боларлық өрелі жол бастап, балаларды кітап оқуға баулып жүр.
Көрме • 29 Қаңтар, 2025
Қостанай ауданына қарасты Садчиков ауылында «Шекарасыз кітапхана» атты ашық есік күні өтті. Іс-шара аясында ауыл кітапханасында бас қосқан тұрғындар түрлі мазмұндағы кітап көрмелерін тамашалап, әдебиет әлеміне қатысты танымдық ойындарға қатысты.
Мектеп • 21 Қаңтар, 2025
Қостанайда бір күнде екі бірдей жайлы мектеп пайдалануға берілді. Кейінгі жылдары бой көтерген «Береке», «Аэропорт» шағын аудандарында ашылған білім ордаларында 2100 бала қазақ тілінде білім алатын болады.
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2025
Шаруаларды қолдау тетігіндегі өзгерістер
Шаруалар биылдан бастап көктемде дән егіп, күзде өнім жинап алу үшін берілетін субсидиядан қағылайын деп отыр. Бұдан былай диқандарға демеуқаржының орнына жылдық сыйақысы 5% арзан несие берілмек. Жылдың қарбалас шағында қолдау көрсетіп, қолтығынан демейтін мемлекетке арқа сүйеп үйренген диқанның мұндай өзгерістен соң «алдағы науқан қалай болар екен» деп алаңдайтындайы бар.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2025
Атаулы көмекті алатындар азайды
Өңірде мемлекеттің атаулы демеу қаржысымен күн көріп отырған отбасылар жыл өткен сайын азайып келеді. Мәселен, 2023 жылы облыс көлемінде АӘК алатын 3 964 отбасы немесе 17 160 адам тіркелсе, өткен жылдың аяғында бұл көрсеткіш 40,5 пайызға дейін кеміді.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2025
Қостанай қаласының «Береке» шағын ауданында тағы бір көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа жылда баспана қуанышына ие болған 54 шаңырақтың ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғыз басты аналар бар.