
Аймақтар • 13 Наурыз, 2025
Тобыл өзенінде мұз жару жұмыстары басталды
Қостанай облысында көктемгі су тасқыны кезеңіне қызу дайындық жүріп жатыр. Кешенді іс-шаралар аясында елді мекендерге Тобыл өзенінен төнетін қауіпті жерлерде мұз жару жұмыстары басталды.
Байқау • 12 Наурыз, 2025
Көп ішекті көне аспапты кеңірек насихаттауды мақсат тұтқан іс-шараны өңірде бірінші болып Федоров ауданы қолға алып отыр. Байқауға 10 ауданның жетігеншілері қатысып, бесеуі жүлделі орынға ие болды.
Қоғам • 08 Наурыз, 2025
Қостанай қаласының ең жасы үлкен тұрғыны Кәрима Әкімжанова биыл 102 жасқа аяқ басты. Әжей бүгінде құрсағынан тараған тоғыз баласынан 19 немере, 25 шөбере сүйіп отыр.
Еңбек • 08 Наурыз, 2025
1974 жылы ашылған Қашар кеніші бүгінге дейін 345 млн тоннадан астам темір рудасын берді. Мамандар жер қойнауында әлі 800 млн тоннадай пайдалы қазба барын айтады. 470 метр тереңдікте жатқан батпан байлықты жер бетіне көтеру оңай шаруа емес. Кеніш табанындағы руданы 42 «Hitachi ЕН 4000» арнайы жүктасығыш техникасы сыртқа шығарады. Еңсесі 7, ені 9 метр болатын, бір тиегенде 220 тонна жүкті жоғарыға еркін алып шығатын қуатты техниканың бірін Любовь Бабашева жүргізеді.
Кәсіпкер • 06 Наурыз, 2025
Қилы кезеңде Қиыр Шығыстан жер аударылған кәріс жұртының біразы Тобыл өңіріне сіңісіп, бүгінде осы топыраққа тамыр жайып, өсіп-өнген көп этностың біріне айналды. Қазір облыста шамамен 3 800-дей кәріс ұлтының өкілі тұрады.
Өндіріс • 04 Наурыз, 2025
Тобыл өңірінде өткен жылдың соңына таман жалпы құны 10 млрд теңгеден асатын үш бірдей сүт-тауар фермасы іске қосылды. Биыл дәл осындай тағы үш ферма ашылады.
Театр • 04 Наурыз, 2025
Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында «Міржақып» драмасы сахналанды. Кезінде режиссер Ерсайын Төлеубай қойып кеткен спектакль араға 11 жыл салып, Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай көрерменмен қайта қауышып отыр.
Спорт • 28 Ақпан, 2025
Қостанай облысында қысқы спартакиада басталды
Қостанайда қысқы спорт түрлерінен облыстық спартакиада жалауын көтерді. Дәстүрлі спорт додасында облысқа қарасты 4 қаланың, 16 ауданның құрама командалары бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Ақпан, 2025
Қостанайлық еріктілер 120 есірткі жарнамасын жойды
Қостанайда өткен «Заң мен тәртіп» акциясы аясында полицейлер мен ерікті жастар қоғамдық орындарды аралап, есірткі тарататын сайттардың жарнамасы бар 120 граффитиді жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2025
Қостанайда 31 жолаушы қар құрсауынан құтқарылды
ТЖД қызметкерлері Аманкелді ауданының Амантоғай ауылына 20 шақырым жетпей жолда қалған 19 автокөлікті қар құрсауынан алып шықты, деп жазады Egemen.kz.