Аймақтар • 27 Ақпан, 2026
Қостанай өңіріне көктем кеш жетеді. Қазір қалың қардың көбесі сөгіле қоймағанымен, синоптиктер ауа райы күрт жылынуы мүмкін деп болжап отыр. «Қамданған қапы қалмайды» демекші, төтенше жағдайлар қызметі қар суынан төнетін қауіптің алдын алуға ерте бастан кірісіп кетті.
Қоғам • 26 Ақпан, 2026
Махамбет рухын дәріптеген Марк
Рудный музыкалық колледжінің студенті Марк Ли Махамбет күйлерін нақышына келтіріп орындайды. Жас күйші ұлттық аспапты нағашы атасынан үйренген. Бала кезінен сол кісінің қасында жүріп, домбыра үнін бойына сіңіріп өскен дарынды жас бүгінде 60-тан аса күй біледі.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2026
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Жыл сайын көктемгі, күзгі науқанның алдында ұйымдастырылатын дәстүрлі «АгроҚостанай-2026» көрмесіне ауылшаруашылық техникаларын өндірушілер, сатушылар, дилерлер, фермерлер, сервистік және қаржылық компаниялар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Ақпан, 2026
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Облыстық Төтенше жағдай департаментінің құтқарушылары Қостанай-Қарабұтақ» тас жолының бойында қар құрсауында қалған жолаушыларды эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Ақпан, 2026
Ресейге 4 тонна металл алып өтпек болғандар ұсталды
Қостанай облысындағы «Аят» шекара бекетінде Ресейге түсті метал сынықтарын алып өтпек болған «Renault» маркалы жүк көлігі ұсталды. Жүргізушінің жол құжатында көліктің жүксіз, бос кетіп бара жатқаны көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 20 Ақпан, 2026
Қостанай облысы прокурорының орынбасары тағайындалды
Бас прокурордың 12 ақпандағы бұйрығымен әділет аға кеңесшісі Ерлан Андабаев Қостанай облысы прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2026
Қауіпті дертті сәулемен емдейді
Қостанай қалалық онкологиялық көпсалалы ауруханасына «Halcyon» желілік үдеткіші орнатылды. Заманауи құрылғы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаражаты есебінен 2,7 млрд теңгеге сатып алынып отыр.
Форум • 20 Ақпан, 2026
Қостанайда «Жас қолдаушы» деген тақырып аясында жастар форумы өтті. Мыңнан аса студент, волонтерлер бас қосқан іс-шараға облыс әкімдігі, прокуратура, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, бүгінгі қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтырудың маңызы турасында ойларын ортаға салды.
Өнер • 20 Ақпан, 2026
Сарыкөл ауданының Тағыл ауылындағы бұл үйдің ауласынан әр қыс сайын әртүрлі жан-жануардың мүсіндерін көруге болады. Мысалы, өткен жылы қыстай тұрған қарагер аттың орнын биыл биіктігі екі жарым метр болатын ақбоз ат басқан. Ал ақ аюдың орнында ала панда тұр.
Білім • 19 Ақпан, 2026
Қостанай облысында 100 орындық жаңа мектеп ашылды
Қостанай ауданына қарасты Еңбек ауылында 100 орындық мектеп пайдалануға берілді. Ауылдық жерлердегі мектеп инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама аясында бой көтерген екі қабатты білім ордасы 1 млрд 220 млн теңгеден астам қаржыға салынған, деп жазады Egemen.kz.