Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында жүргізуші куәлігі жоқ 19 адам ұсталды
Жол-көлік апатын азайту және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында қолға алынған «Қауіпті жүргізуші» іс-шарасы аясында полиция мыңға жуық жол ережесін бұзу дерегін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2025
Қостанай облысында «Ақбөкен» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр
Қостанай облысында өтіп жатқан «Ақбөкен» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер заңсыз аң атқан браконьерді ұстады. Ұзынкөл ауданына қарасты Ряжское ауылының 30 жастағы тұрғыны орманға қоян аулауға кетіп, қабан атып алған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2025
Қостанай облысында жоғалып кеткен әйел аман-есен табылды
Сарыкөл ауданындағы Сорочин ауылының тұрғыны мал іздеп шығып, қалың тұманда адасып кеткен. Артынан іздеп шыққан туыстары таба алмаған соң, полицияға хабар берген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 03 Желтоқсан, 2025
Қостанайдағы «Аллюр» зауытында жас мамандарға арналған оқу-жаттығу орталығы ашылды
Қостанайдағы «Allur» зауыты көлік бояу цехына маман даярлайтын «МСВ Бояу» оқу-жаттығу орталығын ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2025
Қостанай облысында цифрлық кәсіпорындардың үлесі 34%-ға артты
Қостанай облысында өндіріске IT-технология шешімдерін белсенді енгізіп жатқан өнеркәсіп нысандарының саны екі есе өсті. Егер 2022 жылы кәсіпорындардың 17,8%-ы ІТ-технология игілігін пайдаланса, бүгінде бұл көрсеткіш 34%-ға жеткен. Бұл жөнінде Үкімет отырысына қатысқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 29 Қараша, 2025
Биыл Қостанай облысының агросаласына 207 млрд теңге бөлінді
Қостанайда Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиынға шаруашылық басшылары, көп жылдан бері ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп келе жатқан қарапайым жұмысшылар, мемлекеттік қызметшілер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қараша, 2025
Қостанайда «Жомарт жан» сыйлығы табыс етілді
Қостанайдағы Жастар сарайында көпке қайырымы мол кәсіпкерлерді ынталандыруға арналған «Жомарт жан – 2025» сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, меценаттар, қоғам белсенділері, бизнес, мәдениет және білім саласының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қараша, 2025
Қостанай облысында мұқтаж азаматтар үшін 547 пәтер сатып алынды
Биыл Қостанай облысында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 547 пәтер сатып алынды. Өткен жылы өңірде жергілікті бюджет есебінен 940 отбасы баспаналы болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 25 Қараша, 2025
Рудныйда ономастикаға қатысты жиында бұзақылық жасаған әйел жауапкершілікке тартылды
Полиция Рудный қаласының тұрғынына ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 24 Қараша, 2025
Қостанай қаласында 37 мектеп қашықтан оқуға көшті
Қостанай қаласында оқушылар 25 қарашадан бастап осы аптаның аяғына дейін қашықтан оқиды. Білім ордаларында ЖРВИ мен тұмаудың өршіп кетуіне байланысты осындай шешім қабылданып отыр, деп жазады Egemen.kz.