Қоғам • Бүгін, 07:55

«Алпамысты» жатқа айтады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірде мектеп оқушыларының «Тұлпар мініп, ту алған!» атты жыр оқу жарысы басталды. Жоба жетекшісі Ержан Қожабековтің айтуынша, жыр додасына 2 ақпан­нан бастап бүгінге дейін 5-9 сынып аралығында білім алып жатқан 2,6 мыңнан астам оқушы тіркелген.

«Алпамысты» жатқа айтады

Сурет: qazaly.kz

Байқауға қатысушылар «Алпамыс» жырын бастан-аяқ жатқа айтып жарысады. Жыр сайысы барысында үміткердің көркем оқу мәнері, тыңдаушыға жырды жеткізе білу шеберлігі де ескеріледі. Байқаудың ауылдық, аудандық, қалалық кезеңдері ақпан, наурыз, сәуір айларында өтеді. Ал Қостанайда өтетін шешуші кезең мамыр айына белгіленіп отыр.

Облыстық кезеңге әр ауданнан, қалалардан топ жарып, оза шапқан екі оқушы қатысады. Бас жүлде иегеріне Түркия еліне бір айлық жолдама беріледі. Жеңімпаз оқушыны дайындаған тәлімгерге автокөлік сыйға тартылмақ. Жүлделі орыннан көрінген балалар да құр қол қайтпайды. Байқаудың 1,2,3-орын иегерлеріне «Amanat» партиясы, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, Міржақып Дулатұлы атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті қаржылай сыйлық тағайындап отыр.

 

Қостанай облысы

 

 

Соңғы жаңалықтар

Жетісудың бал қымызы

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Дрон жасаған инженерлер

Технология • Бүгін, 08:45