Өңірдің белсенді жастарымен кездескен облыс әкімі Құмар Ақсақалов аталған бағдарлама аясында 344 жас отбасы баспаналы болғанын айтты.
«Бұл бағдарлама бойынша «Отбасы банк» жеңілдетілген несие беруді жалғастырады. Биыл «Қостанай жастары» бағдарламасы бойынша 60 жас отбасы пәтер алады. Сонымен қатар, жастарға жақсы тәрбие, сапалы білім беру үшін әлеуметтік маңызы бар көптеген нысандар салынып жатыр. Мысалы, соңғы үш жыл ішінде біз өңір тұрғындары үшін 27 мектеп, 35 білім нысанын, 37 медициналық ғимарат, 6 мәдениет үйін салдық», деді облыс әкімі.
