Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1549 материал табылды

Талбесік • Кеше

2 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды

Өңірде сәуірдің сегізінен бері өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясына облыс, қала, аудан әкімдерінен бастап, бүкіл жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, Ассамблея мүшелері, ЖОО мен колледж студенттері мен оқытушылар, волонтерлер, полиция, антикор, прокуратура құрылымдары, қарапайым тұрғындар белсене қатысуда.

Аймақтар • 26 Сәуір, 2024

Қалпына келтіру жұмысы қарқынды

Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен баспасөз жиынында облыстың жауапты басқарма басшылары тасқын судың салдарынан бұзылған жол, үзілген электр желілері мен интернет байланысын қайта қалпына келтіру жұмыстарының қалай жүріп жатқанын баян етті.

Аймақтар • 24 Сәуір, 2024

Мал-мүлік шығыны толық өтеледі

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде халықтың үй-жайын, мүлкін қалпына келтіру, мал шығынын өтеп беру бағытында жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Мамандар бүгінге дейін 864 үйді техникалық зерттеуден өткізіп, 561 тұрғын үйді қайта қалпына келтіруге болатынын анықтады. Бұл үйлерді жөндеуден өткізуге қажет қаржы шығын көлемін нақтылау, бағалау жұмыстары аяқталған соң төленеді.

Қоғам • 20 Сәуір, 2024

Ағайынның қадірі қиындықта білінеді

Қауіптің беті қайтып, біраздан бері су тасқынының зардаптарымен күресіп жатқан Қостанай облысына алыс-жақындағы ағайынның ыстық ықыласымен ағылып келіп жатқан гуманитарлық көмектің легі әлі толастаған жоқ. Мысалы, өңірде жұмыс істеп жатқан тасқын судан зардап шеккен халыққа керек дүниелерді тарату орталықтары бүгінге дейін 1 700 тоннаға жуық гуманитарлық көмек қабылдап алған.

Қоғам • 20 Сәуір, 2024

Қиындықта көрген жеңілдік

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қостанай облысына екі күндік жұмыс сапарымен келді. Министр су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды қоныстандыру пункттеріне барды, сондай-ақ облыс орталығы мен Рудный қаласының бірқатар әлеуметтік нысанының қызметімен танысты.

Халық • 18 Сәуір, 2024

Алғыс арқалаған

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қос­та­най облысына жұмыс сапары барысында су тасқы­нына қарсы құтқарушы, әскер, полиция күш­терімен тең қайрат танытқан волонтерлік штаб басшыларының өкілі Айбек Таңатбаевпен де кездесті.

Өнер • 18 Сәуір, 2024

Жан тыныштығын қылқаламнан тапқан

Қостанайдағы облыстық тарихи-өлкетану музейі­нің­ бей­­не­леу өнері залында ауыл­ша­руашылық ғылым­да­ры­ның кан­ди­даты, әуесқой суретші Николай Стешин­нің шы­ғар­­ма­шы­лы­ғын арқау еткен «Аңшы­ның әңгімесі» ат­ты­ көрме ашылды.

Су тасқыны • 18 Сәуір, 2024

204 үй тұруға жарамсыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұ­мыс сапары барысында өңір тұрғындарымен кездесіп, су тасқыны кезінде үйінен айырылған отбасыларға баспана салынатынын, жөндеуге жарам­ды үйлер қалпына кел­тірілетінін айтты.

Аймақтар • 17 Сәуір, 2024

Қаржыны қатаң үнемдеу режімі енгізілді

Солтүстік өңірден кейін Мемлекет басшысының борты Қостанай облысына ұшып келді. Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы қазіргі ахуалмен танысу үшін тікұшақпен су басқан аумақтарды аралады.

Президент • 16 Сәуір, 2024

Су тасқынының салдарын еңсеру үшін әр аймаққа ірі кәсіпкерлер бекітіледі

Қостанай облысына жұмыс сапары барысында тұрғындармен кездескен Мемлекет басшысы су тасқынының салдарын еңсеру үшін әр аймаққа елдің ірі кәсіпкерлері бекітілетінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.