АСТАНА. 16 мамыр. Алматыда Grand Prix турнирі аяқталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Турнирде Қазақстан дзюдошылары бір алтын, үш күміс және екі қола иеленді. Жарыс қорытындысы бойынша еліміздің ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте төртінші орынға орналасты.
Бұл сынға 80-нен астам елдің 400-ге тарта дзюдошысы қатысты. Гран При турнирі Алматыда алғаш рет 2004 жылы өткізілген болатын. Одан кейін 2010 және 2011 жылдары Әлем кубогы жарысы, 2012 жылы Алматы қаласында «Әлем шеберлері» өткізілді. Соңғысына Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер келіп, елімізде өткізіліп жатқан жарыстарға жоғары бағасын беріп кеткен еді. Содан бері еліміз дзюдо турнирін өткізуге лайық мемлекеттер қатарына қосылды. Дзюдо күресі дүниежүзі бойынша ең кең таралған спорт түрі. Бұл күреспен таң ерте ататын Жапония елінен бастап, күн кеш бататын Бразилиядағы балаларға дейін айналысады. Сөйтіп, Қазақстан 2013 жылдан бастап Гран При жарысын өткізу құқығына ие болды. 2013 жылы Гран При Алматыда өткізілсе, 2014 жылы Астанада ұйымдастырылды. Ал 2015 жылы еліміз әлем чемпионатын өткізіп, халықаралық дзюдо қауымдастығы тарапынан жоғары баға алды.
Дастан Кенжалин.
Дерек, фото: fdk.kz
// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e