• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
16 Мамыр, 2016

Ерболат Досаев «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы болып тағайындалды

256 рет
көрсетілді

АСТАНА. 16 мамыр. Еліміздің бұрынғы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі басқармасының төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Холдинг басшысын ұжымға бүгін Премьер-Министр Кәрім Мәсімов таныстырды. Ерболат Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматыда туған. Н.Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесін, Алматы энергетикалық институтын бітірген «Тұран Әлем Банкі», «АТФ Банк» жабық акционерлік қоғамы басқармалары төрағасының орынбасары, қызметтерін атқарды. Премьер-Министрдің кеңесшісі, Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, Қаржы вице-министрі, Қазақстан Даму банкі директорлар кеңесінің төрағасы, Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы, Қаржы министрі, Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы, Ұлттық Банкінің басқарма мүшесі, Денсаулық сақтау министрі, «Қазинвестбанк» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы болды. 2012 жылғы 25 қыркүйектен Экономикалық даму және сауда министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі қызметтерін атқарды. Ол сондай-ақ, Ұлттық экономика министрлігін басқарды. Талғат Райымбек. Дерек: inform.kz. Фото: 365info.kz.