• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
19 Мамыр, 2016

Қарағандылық қыздар үстел теннисінен ел чемпионы атанды (фото)

305 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 18 мамыр. Қарағандыда үстел теннисінен өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында командалық сайыстың үздіктері анықталды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қыздар арасындағы сында бірінші жүлдені Қарағанды облысының командасы жеңіп алды. Екінші жүлдеге Алматы қаласының ұжымы ие болса, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының командалары қола жүлдені қанағат етті. Ал ерлер арасында алтын медальді Алматы қаласының командасы иеленсе, екінші жүлде Шығыс Қазақстан облысының теннисшілеріне бұйырды. Қола жүлде Павлодар және Ақтөбе облыстарынан келген спортшылардың қанжығасында кетті. Ендігі кезекте теннисшілер жекелей сында тартысқа түседі. Чемпионат 22 мамыр күні аяқталады. Қайрат Әбілдинов. Дерек, фото: Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.