• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
19 Мамыр, 2016

Бангладеште 81 адам найзағай түсіп, мерт болды

309 рет
көрсетілді

АСТАНА. 19 мамыр. Бангладеште екі күн ішінде найзағай түсіп, 81 адам қаза тапты. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұл елде бір апта бойы болған аптап ыстықтан күн күркіреп, жаңбыр жауған. «Екі күн ішінде осынша адамның опат болуы Бангладеште ғана емес, бүкіл әлемде сирек кездесетін жағдай. Елімізде соңғы жылдары климаттың өзгеруіне байланысты найзағай жиі түсетін болды», – дейді Бангладештің төтенше жағдайлар министрі Мофаззал Хоссейн Чоудхури Майя. Ресми мәліметтер бойынша, қаза тапқандардың басым бөлігі мемлекеттің орталығы мен солтүстігіндегі елді мекендердің тұрғындары. Өткен жылы бұл аймақтарда жай түсіп, 17 адам қаза тапқан. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: Inform.kz.