• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
19 Мамыр, 2016

Бинали Йылдырым Түркияның жаңа премьері болады

314 рет
көрсетілді

АСТАНА. 19 мамыр. Түркияның билеуші әділдік және даму партиясының лидері әрі елдің премьер-министрі болатын адамның есімі жария етілді. Бұл туралы Hürriyet ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Бүгін әділдік және даму партиясы орталық кеңесінің осы мәселе талқыланған отырысы өтті. Талқылау барысында партия басшысы лауазымына кандидаттар ұсынылды. 45 минутқа созылған жиында делегаттар көпшілік дауыспен Түркия көлік, кеме шаруашылығы және коммуникация министрі Бинали Йылдырымға тоқталды. Енді 22 мамыр күні өтетін әділдік және даму партиясының кезектен съезінде партия төрағасы мен Түркияның премьер-министрі сайланады. Түркияда бұл билеуші партия болып табылады. Сондықтан оның басшысы міндетті түрде елдің үкіметін басқарады. Бұған дейін премьер-министр болып келе жатқан Ахмет Давутоглу 5 мамырда өзінің отставкаға кететінін жариялаған болатын. Талғат Райымбек. Дерек, фото: Hürriyet.