• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
20 Мамыр, 2016

Көңіл айту жеделхаттарын жолдады

252 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Әс-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Жеделхатта мысырлық авиакомпания ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ, мысыр халқына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты. * * * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Елбасының көптеген француз азаматтары қазаға ұшыраған мысырлық авиакомпания ұшағының апаты туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ, француз халқына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты.