• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Мамыр, 2016

Тәуелсіздік жылдары

285 рет
көрсетілді

965 мың адам азаматтық алды Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова­ның төрайымдығымен Президент жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда Қазақстан азаматтығын алу жөніндегі мәселелер қаралды. Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы тәуелсіздік жылдары 965 мың адам азаматтық алғанын және бұл еліміздің Елбасының бас­шы­лығымен қол жеткізген табыстарының айшықты айғағы екенін атап өтті. «Қазіргі таңда Қазақстан азамат­тығын алуға өтініш беруші­лер­дің саны артып келеді. Біз ондай азаматтарға барлық жағдай­ды жа­сауымыз керек. Барша қазақ­стандық өз қатарының толық­қанына ерекше қуанады. Біз аза­мат­тық алғандар еліміздің одан әрі дамуына өз үлестерін қосатынына сенім білдіреміз», – деді Г.Әбдіқалықова. Сонымен қатар, жиын бары­сында Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойған соң алыс және таяу шетелдерден келген түрлі ұлттың 819 өкілі Қазақстан азаматы атанатыны белгілі болады. Одан бөлек, комиссия отырысының қоры­тындысы бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды. Еламан ҚОҢЫР, «Егемен Қазақстан»