• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Мамыр, 2016

Ұлттық банктің есебін тыңдады

243 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Мемлекет бас­шысы Ұлттық банктің 2015 жылғы есебін тыңдады. Нұрсұлтан Назарбаев инфляция үдеріс­терін жыл аяғына дейін тұрақ­тандыру, ұлт­тық валютаның айырбас бағамының күрт ауыт­қуына жол бермеу және екінші деңгейлі банк­тердің эконо­миканы несиелендіруін қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Д.Ақышев өткен жылдың Қазақстан экономикасы үшін оңай болмағанын, соған байланысты ақша-несие саясаты түбегейлі өзгертілгенін атап өтті. Бұл ретте 2016 жылы валюта, ақша және жалпы қаржы нарығында тұрақтану нышаны байқалып отыр. Ұлттық банк төрағасы орта мерзімді кезеңде ел тұр­ғындары мен кәсіпорындары үшін оң нәтижелер, соның ішінде несиелеудің жандануы күтіліп отырғанына назар аударды. Мемлекет басшысы кездесу қоры­тындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ