• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
20 Мамыр, 2016

Ескі қалдықтан – өтімді өнім

355 рет
көрсетілді

Өңірде жылына шамамен 14-18 мыңдай автомобиль шиналары жарамсыз болып қалады екен. Оларды қайта өңдеп, кәдеге жарату тәжірибесі дамыған елдерде бар. Өкінішке орай, Қазақстан­да кез келген жерлерде тау-тау болып үйіліп жатқан шиналарды кездестіру таңсық емес. Петропавлда жұмыс істейтін «Soltustik rubber recycling» ЖШС озық технологияларды қолдана отырып, ескі қалдықтан өтімді өнімдер жасауға білек сыбана кірісті. Бүгінге дейін кәсіпорын 30 тонна үгінді мен бір мың шаршы метр тақтатасты тұтынушыларға жөнелтті. Серіктестік басшысы Тал­ғат­бек Ғалеевтың айтуынша, экологиялық жағынан таза, сапасы жоғары бұйымдардың пайдалану мерзімі–10-15 жыл. Келешекте белсенділендірілген үгінділер шығару ойластырылған. Ол асфальт төсеміне пайдаланы­латын болады. Сонда жолдың беріктігі мен төзімділігі әлде­қайда жақсарады. Бүгінде резең­ке шикізаттан алынған өнім балалар алаңдарында қол­данылуда. Келешекте төрт тү­лік малға төсемелер әзірлеу жоспарланған. Серіктестік «Даму» қоры ар­қылы 55 миллион теңге несие алып, заманауи қондырғылар мен құрал-жабдықтар орнат­қан. Озық технологиялардың күшімен ескі шиналар ірілі-ұсақты үгіндіге айналдырылып, сапалы өнімдер шығарылады. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы